Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.06.2021
191
Сағына түссін дедің бе
Жүректі тербеп бал сезім,
қоштастым сонда дірілдеп.
Аузымнан шықпай бар сөзім,
ішімнен тұрдым "күнім" деп.
Жанарың сенің қадалған
жаныма күн боп нұр септі.
Жиналған мынау жарандар
қарамай бізге тұрса етті...
Кеттің ғой сонда көп күнге,
қолымды неге қыспадың?
Тіледім самолеттің де
кешігіп барып ұшқанын.
Несіне тіктің көзіңді
сүйілмей қалған ерінге...
Сарғая күтіп өзіңді,
сағына түссін дедің бе?
сағыну сезім қоштасу Фариза Оңғарсынова Фариза Оңғарсынова өлеңдері Фариза Оңғарсынова шығармашылығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter