Өлеңдер ✍️

  19.06.2021
  438


Автор: Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Дүниеге мейман көңілім

Дүниеге мейман көңілім,
Мақтансам дауа тілерсің.
Өлшеніп берген өмір бар,
Уақытыңмен жүрерсің.
Кейбір күнде қапа боп,
Кейбір күнде күлерсің.
Бір қалыппен еш пенде
Бітіре алмас үлесін.
Көлеңкелі бұлыттай
Көшпелі болған дүниесің.
Ажал келсе жатқызар,
Маңдайдан басқан ұйқыдай.
Пендені дәулет мас қылар,
Қырауды кешкен жылқыдай.
Бауыры бүтін, басы есен,
Сағынар ауық - күлкіні - ай.
Қызықтырған түлкідей,
Дүние өтер бір күні - ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу