Өлеңдер ✍️

  18.06.2021
  284


Автор: Жұмағали Саин

Достық үні

Жылдар талай сыйларын берген баптап,
Менде ұмытпай келемін мәңгі сақтап.
Күрес, табыс қаптаған қырық үш жылда
Мыңдар жылдың үстінен кеттім аттап.
Биыл да болды сансыз табыс мықты.
Космостық корабльдер көкке шықты,
Құдіретін біздің бейбіт державаның
Достар тұрсын қанды көз жаулар ұқты.
Еткен іс бейбітшілік қорғаның
Әлемнің сүйсіндірді бар адамын.
Достық, бақыт халықтар бостандығы
Ұраны біздің ұлы державаның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу