Өлеңдер ✍️

  18.06.2021
  170


Автор: Жұмағали Саин

Комсомолдар

Сапта нағыз заманамен бір басқан,
Ұлы Ленин ұрпақтары серігім!
Жаңа өмірдің нұрлы есігін бірге ашқан
Өз есінен шығарады сені кім!
Құрыш дене, мінсіз сұлу бетіңді
Күнде көрем қуанышпен, бауырым.
Тұр келбетің — өз бейнесі секілді
Отанымда мыңдаған жас - көрініп.
Адымдаңдар, табыстардың шыңына
Бақыт үшін, өмірі үшін адамның!
Бөленсін ел сенің шаттық жырыңа,
Комсомолдар сүйікті ұлы заманның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу