Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.06.2021
212
Сығалады ай, көк жиегі сөгіліп
Мөлдір аспан көк торғындай төгілді,
Бір тамаша күйге бөлеп өмірді,
Қуандым да жас баладай шаттандым,
Күлді жүрек, жан сырымды ақтардым.
Колхозда едім. Жаздың сырлы түні еді,
Көкте жұлдыз, жер жайнаған гүл еді.
Тек қана өмір тоқ басында жайнады,
Шырқап әнге ел бұлбұлы сайрады.
Менің жырым сол әнменен қабысты,
Колхозды елдің қырманында табысты.
Сондықтан мен секірдім жас балаша,
Билеп мені еңбек жыры тамаша.
Қанды мейірім еңбектің зор күйіне,
Құмарланып қайтпадым мен үйіме.
Қызыл бидай, жерле алтындай көрініп,
Сығалады ай, көк жиегі сөгіліп...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter