Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.06.2021
249
Өшеді үнім
А. С. Пушкиннен аударма
Өшеді үнім... Ал егер шерлі күнде
Ой табалсам домбырам ішегінде,
Ал егерде ықласты жастар тыңдап,
Таңырқаса улы ұзақ сүюіме,
Ал егерде өзің де елжіресең
Оңашада күйікті өлеңіме,
Жалын тілін жүректің сүйсең сен де,
Ал егер де сүйілсем: тыңда, қалқам,
Ардақты атын жаттаған, сүйгеніме
Қош айтысқан толғаудан тартам үнге:
Әлім ұйқы құшқанда мәңгі мені,
Жаназамда жақындап сүйегіме:
Соңғы сүю толғауын, сырлы өлеңін
Сыйлап еді, сондықтан сүйгемін де.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter