Өлеңдер ✍️

  13.06.2021
  1912


Автор: Жібек Ысқақова

"ӨМІР"- ДЕГЕН...

Бірде ащы, бірде тәтті "өмір" - деген,
Сәл нәрседен қалады екен "көңіл" - деген.
Сыйластықта болайық, мәңгі бақи,
Өмір сүру ешкімге берілмеген.

Атақ, даңқың болса да ақшаң, алтын,
Сақтау парыз қашанда ата салтын.
Менмендікті сақтамай, мейірімді бол,
Болсын десең ел алдында жүзің жарқын.

"Өмір" - деген қас қағым өте шығар,
Көзді ашып жұмғанша бір-ақ демде.
Өз өмірің өз қолыңда, ойлан досым,
Уақытыңды босқа өткізіп, сөзге ерме.

Расыменде өмір жалған, өмір жалған,
Не боларын білмейміз ертең алдан.
Бүгін бармыз, ертең жоқ бұл пәниде,
Бізде өтерміз жолымен тағдыр салған.

Қонақпыз ғой бәрімізде бұл өмірге,
Қайғы-мұңдар түспесін бұл көңілге.
Ынтымақ пен бірлікті сақтап әркез,
Сіз біз десіп жүрейік бұл өмірде!

Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Жазира Худайбергенова!
Керемет өлеңдеріңіздің барі мағыналы ой салар тәлім тәрбие берер өлендер екен, керек адам өзіне сактап қояр жалпы мағ ұнады барлык шыгармашылығын Жібекжан жаным Қаламың ұштала берсін, окырмандарын көбейе берсін жаным!! ?????✍️✍️✍️???????????
Алтын Абеуова
Алтын Абеуова 14.06.2021 21:19
Керемееет! Өлең шумақтары күшті жазылған. Жарайсың Жібек қызым! Шығармашылық жетістіктерің көп болсын. Мерейің үстем болсын. Оқырмандарыңның алғысына бөлене бер.

Пікір жазу