Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.06.2021
486
Қиялымнан түңілдім
А. С. Пушкиннен аударма
Қиялымнан түңілдім,
Тілегімді тауыстым;
Жемісі бос көңілдің
Тек азаппен алыстым.
Дауылы тас тағдырдың,
Солдырды өмір гүлімді.
Жабырқаумын, жалғызбын,
Тұрмын күтіп өлімді.
Соңғы суық соққандай
Қалған кейін жапырақ,
Тоңып бүрсең, қаққандай
Тұр бұтақта қалтырап!..
қиял Пушкин аударма пушкин өлеңдері пушкин өлеңдерінің аудармалары Ілияс Жансүгіров шығармашылығы Ілияс Жансүгіров өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter