Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.06.2021
560

Цыгандар
А. С. Пушкиннен аударма
Орманды өзен бойындағы
Қоңыр кешкі бір іңір.
Жарық лаулап от жанады,
Шатырда шу, өлең-жыр.
Есенсіз бе, бақытты ұрпақ!
Мен танысқам отыңмен.
Егер болса өзге бір уақ
Кетер ме бұл шатырмен.
Ертеңгі таң сәулесімен
Кетер еркін шатырың.
Сіз кетерсіз — бірақ сізбен
Кетпейді бұл ақының.
Тентіреу, түнеу, қаңғу кешін,
Есерлігін ескінің,
Ұмытты, ойлап үйдің тыншын,
Деревняның дәстүрін.
Цыган аударма пушкин өлеңдері пушкин өлеңдерінің аудармалары Ілияс Жансүгіров шығармашылығы Ілияс Жансүгіров өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter