Өлеңдер ✍️

  13.06.2021
  371


Автор: Ілияс Жансүгіров

Тұмарым

А. С. Пушкиннен аударма

Сақта мені, тұмарым,
Қуған күні сен сақта,
Өкініште, опықта;
Tap күнімде ұшырадың.
Сапырып теңіз суларын
Айналамда өкірсе,
Бұлт басып, жай жеткірсе,
Сақта мені, тұмарым.
Жерінде жат жұрттардың,
Жалғыз үйде қалғанда,
Жалындаған майданда,
Сақта мені, тұмарым.
Сиқырлы жан шырағым...
Қасиетті тәтті алдау,
Айныды да жоғалды-ау...
Сақта мені, тұмарым.
Сеппесін ой уларын,
Жүрек жара, күшті дерт,
Ұйықта тілек, хош үміт,
Сақта мені, тұмарым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу