Өлеңдер ✍️

  13.06.2021
  360


Автор: Ілияс Жансүгіров

Қара бұлт

А. С. Пушкиннен аударма

Дауылдың қуғынынан қалған бұлт!
Сен ғана ашық көкте жүрсің жылжып.
Сен ғана қайғы жауып көлеңке еткен
Сен ғана шаттық күнді кірбендеткен.
Күшті жай құшып сені құшағына,
Сен едің аспанды алған кеше ғана
Сен едің жасырын жай шартылдатқан,
Сусаған жерге жауып сусындатқан.
Қара бұлт, жетер, жоғал! Дәурен кетті,
Өзгерді, жер жаңарды, дауыл өтті.
Желпінтіп жапырақты, құлпыртып жер,
Тыншыған көктен сені қуалар жел.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу