Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.06.2021
292
Тұтқын
А. С. Пушкиннен аударма
Қараңғы, дымқыл қапаста,
Отыр ем, тордан сығалап,
Еркінде шалқып жас қыран,
Жем іздеп келді жағалап.
Қайғылы мендей жолдасым,
Қанатын жиып алды да:
Шоқыды қанды қалжасын,
Терезенің алдында.
Шоқиды ойып жемтікті,
Терезеге қадалды.
Ойласқандай менімен
Сарыла салды назарды.
Жер шенеп, көкті көксеген,
Есіркеп қырдың қыраны,
Назарымен шақырып,
Айтқандай болды мынаны:
— Біз еркін құс, күн жетті,
Бұлдырлап бұлтта ұшалық.
Жарысып желмен теңізде,
Асқардың төсін құшалық.
Тұтқын Пушкин аударма пушкин өлеңдерінің аудармалары Ілияс Жансүгіров шығармашылығы Ілияс Жансүгіров өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter