Өлеңдер ✍️

  13.06.2021
  195


Автор: Ілияс Жансүгіров

Арион

А. С. Пушкиннен аударма

Біз қайықта көп едік;
Желкенді біреулер жекті,
Тереңге сермеп, жөнедік,
Өзгелер есті ескекті
Жетекшіміз данышпан,
Желсізде ұстап рульді,
Үнсіз ауыр қайықты
Алып жүзді ілгері.
Мен де қамсыз сенім мол,
Оларға айттым... өлеңді
Бір кезде шулы көк дауыл,
Толқын теуіп жөнелді...
Батты басшы — жетекші! —
Тек сырлы ақын, жалғыз мен,
Лақтырылдым жағаға
Найзағайдан серпіген,
Мұнажатқа ежелгі
Жырлап, көңілім, айтшы өлең,
Құз жартастың астында
Хұлла тонды малшынған
Күншуаққа кептірем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу