Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.06.2021
222
Чаадаевқа
А. С. Пушкиннен аударма
Үміт, сүю, паң атақ
Алдаумен аз тұрғандай:
Бітті біздің жас ойнақ
Түтін, таңғы тұмандай!
Бірақ бізде ол тілек:
Табанында тағдырдың
Өрлігімен көңілдің
Отан үнін естілік.
Бейне біз де бірдейміз
Жарын күткен жігітпен,
Еркіндікті күтеміз
Талықсыған үмітпен.
Жүрек бар да ар үшін,
Бостандықтан ол барда,
Асқар көңіл бар күшін
Арнайық, дос, Отанға.
Атар, жолдас, бақыт таң, —
Жатпас Ресей мәңгі ұйықтап,
Патшаның тәж-тақтына
Жазылады біздің ат!
Чаадаев аударма Пушкин пушкин өлеңдерінің аудармалары Ілияс Жансүгіров шығармашылығы Ілияс Жансүгіров өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter