Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.06.2021
221
Қайран, талқы таулары- ай!
АРНАУ
Өлеңнің өніп жатса тасқа гүлі,
Жұртына жетіп жатса асқақ үні.
Табаны аумай өтсе туған жерден
Адамның болар ма екен басқа мұңы?!
Бұл шақта ширықты ма,
Шынықты ма үн,
Таңдардың тілеп келем тұнықтығын.
Келеді бір мұңымды бәріңе айтқым,
Шыңына Алатаудың шығып бүгін.
Тілекке жетпеймін бе,
Жетемін бе,
Тағдырдың жүрген жоқпын жетегінде.
Мекендеп Алатауды жүрген жай бар,
Тусам да Тәңіртаудың етегінде.
Келсем де бір ғасырдың жартысына,
Тағдырдың түсіп келем талқысына.
Бөлініп,
Жарылудан көз ашпаған,
Қайтейін,
Қазағымның халқы, сірә.
Көңілім жүрмесе де тасып ерен,
Ойымды саған айтар ашық өрем.
Туған ел!
Өзіңе арнап өлең жазам,
Көз емес,
Жүрегімнің жасыменен!
Марфуға Айтқожина Марфуға Айтқожина шығармашылығы Марфуға Айтқожина өлеңдері арнау Қайран таулар Талқы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter