Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.06.2021
246
Сыбырлақ пен жыбырлақ
— Шешей-ау, шешей,
Берірек келсей!
— Не боп қапты, Есей!?
— Сұмдық есіттім, шешей!
— Тыңда:
Ертеңнен бастап мұнда,
Сатылмайды екен дым да...
— Қайда?
— Магазинде!
Жаңа өзім де,
Бір кило май алып ем,
Сезіктеніп қалып ем,
Қарамайды - ау тіпті,
Ойлаған жерден шықты.
— Жолдас дүкенші,
Құлағыңды әкелші.
Күрішің бар ма?
— Жоқ!
— Онда маған шикі сөк,
Он бес кесек сабын,
Жейтін не бар тағы ?
Ең арғысы колбаса да,
Онша қажет болмаса да,
Оны да әлгі алып жатыр,
Таразыға салып жатыр.
Күн өтті, түн өтті,
Дүкен есігін күзетті.
Шешей Есейге жолықты,
Есей Көше жолықты,
— Ойбай-ау, шешей - ау,
Кешегінің бәрі
Өтірік болыпты.
Көздері қыли,
Бір-біріне қарап жымиды.
Сыбырлақ жыбырлақ сықақ Асқар Тоқмағамбетов Асқар Тоқмағамбетов шығармашылығы Асқар Тоқмағамбетов өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter