Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.06.2021
352
![](/uploads/shorttexts/author_image/1429781528-108.jpg)
Ауданнан шықты Айдабол
Ауданнан шықты Айдабол,
Колхозға барды айдап ол.
Бастықтарды шақырып,
Бұйырып тұр ақырып:
— Малдарың қалай, семіз бе,
Төлдерің қалай, егіз бе?
— Көріңіз көзбен, түсіңіз...
— Нанбаймын ба лебізге, —
Деді де бастық жөнелді,
Алысқа бармақ ол енді.
Машинадан түскен жоқ,
Әлі тамақ ішкен жоқ.
Алысқа кетті айдап ол,
Колхозға жетті Айдабол:
— Болдыңдар ма жем тасып,
Болдыңдар ма кең шашып ?
Сендерге тығыз тапсырма —
Сендерге бұйрық қолма-қол!.. —
Деді де тартты ауданға,
Қайта оралып Айдабол.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇