Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.06.2021
260
![](/uploads/shorttexts/author_image/1429781528-108.jpg)
Қуанышты күңкіл
— Қатын,
— Есіттің бе сен?
— Немене?
— Тыңда, айтайын мен.
Бүгін,
Бір жалшыға жолықтым.
— Не айтты?
— Қуанышқа молықтым.
Байдың малын алатын болыпты.
— Шын ба ?
— Шын, ауылнай да жолықты.
Байдың он қарасы менің атымда.
— Солай ма еді?
— Білдіргенім мақұл ма?!
Көрсетем, қорлығы әбден өтіп еді.
— Көрсетсең көрсет,
Басынып-ақ кетіп еді!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇