Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.06.2021
184
Тырна мен көгершін
Тырна көгершінмен көрші қонды,
Ісінің көбісі ерсі болды.
Тырнаның "тырауы " таусылмады,
Мезгілсіз жүріп-тұруы басылмады.
Сәл тамағы аш болса да,
Сәл назары пәс болса да,
Жүрсе де, тұрса да,
Біреуге мойнын бұрса да,
Бәріне де "тыру ",
"Тыру да тыру ",
Тырусыз тұру
Көгершінде жоқ болды.
Кейде ел жата,
Кейде таң ата,
Өз үйіне кеп қонды.
Тырнаға айтқан сөз қонбады,
Ақырын айтса жетпеді,
Тырнамен көрші болғалы
Басынан қиқу кетпеді.
Осындай "тыру" тырналар
Аз да болса әлде бар.
Тырна көгершін көрші Асқар Тоқмағамбетов Асқар Тоқмағамбетов шығармашылығы Асқар Тоқмағамбетов өлеңдері
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter