Өлеңдер ✍️

  07.06.2021
  274


Автор: Жібек Ысқақова

АЛТЫН КҮЗДІҢ САЛҚЫН ЛЕБІ

Еліміздің әрбір жері қымбат маған,
Табиғаты тамаша, қымбат далам...
Оу алтын күз, алтын күз жылылықпен,
Мейіріммен жай ғана үн қат маған...

Алтын күздің салқын лебі тербелеші,
Тынышталсын жан дүнием аласұрған.
Адамдардың барлығы сыйластықта,
Табылсыншы мейірім бақтың қаласынан...

Көрмейінші мұңайып жүрген қарт ананы,
Көрмейінші Анасына жат баланы...
Жыламасын жетім менен жесірлер бұл,
Тербеп бәрін жылылықпен күз самалы...

Асқар таудай әкелер, заңғар биік,
Құрметтейміз сіздерді басты иіп.
Асқар таудай биігіңнен құламашы,
Күзгі суық тоңдырып, салқын тиіп...

Бар жақсылық орнай берші тоқтап қалмай,
Сәбилердің былдырлаған үні балдай.
Бақытты болсын сәбилер жыламасын,
Қуанышта, шаттықта үнін жалғай...

Барша адам күліп жүрсе бақыттымын,
Шаттықта бәрі өмір сүрсе бақыттымын.
Көңілімде алтын күздей жарқырайды,
Самалындай есіп менің бақытты үнім...

Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу