Өлеңдер ✍️

  07.06.2021
  1285


Автор: Жібек Ысқақова

ҚАЗІРГІНІҢ АДАМДАРЫ

Қазіргінің адамдары қандай өзі,
Өсек сөзге сенеді жетпей көзі.
Біреулерді сыртынан ғайбаттайды,
Сүйектерден өтердей болып сөзі.

Көзбен көріп, сол жерде болғандайын,
Өсек айтар одан басқа шаруа жоқтай.
Бір ортаға жиналып ап жамандайды,
Бірін-бірі қолпаштап, тыныш жатпай.

"Өзіңнен шыққан жау жаман"- дейді қазақ,
Бірін-бірі жамандайды қылып мазақ.
Қазағым-ау қайтеміз өсек сөзді,
Онсызда қазақ халықымыз, біздер аз-ақ.

Көреалмаушылық кейбірін жаулап алған,
Өсекшілер өсек сөзді жалғап алған.
Бір нәрсені іліп алып шу шығарар,
Желілерге таратып безіп ардан.

Бауырмалдық қайда қалды оу ағайын?
Іштарлық жаулағандай бар маңайын.
Неге осы, өсек сөзге ереміз біз?
Көзбен көріп, қолмен ұстап алғандайын?!

Расыменде, мейірім кенже қалғандай,
Бірін-бірі өсек етер кейбір адам.
Бетіне күліп, сыртынан өсек айтар,
Баса қалсаң алға қарай бір қадам.

Ойланайық, ағайын қайда барамыз?
Жаман ойдан тазарсыншы санамыз.
Қуантайық бірімізді біріміз,
Алыс кетпей, суымай біздің арамыз...
Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу