Өлеңдер ✍️

  07.06.2021
  341


Автор: Жібек Ысқақова

ЕЙ, ӨМІРІМ!

Ей, өмірім!

Ей, өмірім! Айтшы өзің қандайсың?
Бірде ащы, бірде тәтті балдайсың!
Бұлт үйрілсе төбеме кеп, лезде сен,
Күн шығарып, нұрыңды төгіп алдайсың!

Бір мұңайтып, бір қуантып жүресің,
Кейде ызғар, кейде шаттық төгесің.
Бір қарасам күздей қара суық боп,
Артынша жаздай жадырап кеп, енесің.

Қыстай болып ақ мамыққа орайсың,
Гүл көктемдей жайқалып сен тарайсың.
Сен ғажапсың сындарың көп болса да,
Ей, өмірім! Мен үшін сөнбес арайсың!

Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу