Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.06.2021
350
БІР КЕМ ДҮНИЕ-АЙ
Бір кем дүние-ай
Бір кем дүние-ай, арманыңды құм етер,
Бір кем дүние-ай, жүргендейсің құр бекер.
Сезімге толы жүрек от боп жанса да,
Бір кем дүние-ай, жетіспей бірі тұр ма екен?!
Неге бұлай болды менің тағдырым?
Ұмытсам ғой шіркін сезім барлығын.
Бір кем дүние-ай жүрегімді сыздатар,
Сезіндіріп өмірдің бұл тарлығын....
Сол кем дүние болмағанда шіркін-ай,
Гүлді бағым кетер ме еді құлпыра-ай.
Сол кем дүние болмағанда мен-дағы,
Бұл өмірден жүрмес едім қорқып -ай...
Сол кем дүние болмағанда басымда,
Бар арманым келер ме еді қасыма.
Қол ұстасып ойланбастан ұшар ем,
Сол арманмен биіктерге асыға...
Сол кем дүние жанырыма мұң сыйлап,
Жатқандаймын төмен қарай құлдилап.
Бар арманым өшіп бара жатқандай,
Тамырымен жойылардай күзгі бақ...
Мен қандаймын, берер ем қолда барымды,
Жүрек дерті жаралы етті жанымды.
Әттең, әттең жанымды жеп өкініш,
Бір кем дүние, құртты-ау болашағымды.
Жібек Искакова
Бір кем дүние-ай, арманыңды құм етер,
Бір кем дүние-ай, жүргендейсің құр бекер.
Сезімге толы жүрек от боп жанса да,
Бір кем дүние-ай, жетіспей бірі тұр ма екен?!
Неге бұлай болды менің тағдырым?
Ұмытсам ғой шіркін сезім барлығын.
Бір кем дүние-ай жүрегімді сыздатар,
Сезіндіріп өмірдің бұл тарлығын....
Сол кем дүние болмағанда шіркін-ай,
Гүлді бағым кетер ме еді құлпыра-ай.
Сол кем дүние болмағанда мен-дағы,
Бұл өмірден жүрмес едім қорқып -ай...
Сол кем дүние болмағанда басымда,
Бар арманым келер ме еді қасыма.
Қол ұстасып ойланбастан ұшар ем,
Сол арманмен биіктерге асыға...
Сол кем дүние жанырыма мұң сыйлап,
Жатқандаймын төмен қарай құлдилап.
Бар арманым өшіп бара жатқандай,
Тамырымен жойылардай күзгі бақ...
Мен қандаймын, берер ем қолда барымды,
Жүрек дерті жаралы етті жанымды.
Әттең, әттең жанымды жеп өкініш,
Бір кем дүние, құртты-ау болашағымды.
Жібек Искакова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter