Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.06.2021
1044
ТІЛ-КӨЗДЕН АМАН БОЛСЫН
Барша тойдың басы екен шілдехана,
Басы айналып бақыттан тұр босаға.
Уілдейді бесікте жас шарана,
Шуылыңа тірліктің үн қоса ма?
Жүректерді балқытып қорғасындай,
Сәби келді өмірдің жалғасындай.
Кешірімді ата-ана шалқақтаса,
Шалқып жүрсе шаттықтан жолға сыймай.
Жанарына анасы шашып ұшқын,
Бөбектейді сәбиін асығып тым.
Қуаныштан әкесі шапқылап жүр
Иісіне мас болып жас-иістің.
Демер ертең қолтықтан ұлымыз кеп,
Жатыр қазір жүректен жылу іздеп.
Бала-тірек, бақыты босағаның,
Жарқырасын сөнбейтін күніміз боп.
Не жетеді сәбидің іңгәсіна,
Толысады ақылы, тұлғасы да.
Ат ұстарың тіл көзден аман болсын,
Әлі-ақ өрлеп шығады шың басына!
асаба тамада той жүргізу сөздері тамада сөздері асаба сөздері Шілдехана дүниеге келген сәбиге тілек шілдехана тойға тілек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter