05.06.2021
298

« Бiлiмдiмен дос болсаң, Сасқанда ақылын айтар. Бiлiмсiзбен дос болсаң, Топ iшiнде бетiң қайтар»
Білімді тар ұғымда, білімі бар адам деп, ал кең мағынада көргенді, ақыл-парасаты мол, білімді, жақсы мінезді адам деп білеміз. Бұл мақалдағы
«білімді» осы екіншіге дәл келеді. Сондай адаммен дос болған адамдар өздерін бақыттымын десе болады. Ал «білімсіз» дегендер білімдіге қарама- қарсы адамдар. Адамгершілігі, кісілігі төмен адамды білімсіз адам дейді. Абай: «... білімсізге қылған жақсылық өзі адамды бұзады» дейді емес пе
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Білімді досыңыз бар ма? Оның қандай пайдасын көрдіңіз?
- Досыңызға мінездеме беріңіз.
- Сіз өзіңіз жақсы доссыз ба?
- Жағдаят құрап, арасында мақалды қолданып сөйлеңіз.
мақал мәтелдер мағынасымен мағынасы бар мақал мәтелдер Гүлтас Құрманбай Бiлiмдi ақыл Бiлiмсiз дос топ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇