Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.06.2021
1232

Апама
Құтты болсын туылған күніңіз бүгінгі,
Арнап жаздым,өзіңізге жырымды.
Алпыс жастың асуын көр апатай,
Қуанышпен алмастырып мұңыңды.
Құтықтайын өзіңізді бұрын кеп,
Кетсін ауру,қайғы деген көп түнек.
Қол ұстасып,ойнап-күліп атам мен,
Ортамызда жүргейсіз тек күлімдеп.
Денсаулықты тілейінші сізге зор,
Немере көр,шөбере көр, шөпшек көр.
Жанымызда жүрші дәйім жадырап,
Сізбен ғана берекелді біздің төр.
Маржан Әлімұхамед Маржан Әлімұхамед өлеңдері апама тілек 60 жас алпыс жасқа тілек 60 жасқа тілек апа Әже
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇