Өлеңдер ✍️

  03.06.2021
  7582


Автор: Жібек Ысқақова

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР


Ел басына күн туса жәй  жатпайтын,
Қарсы болып жұмысына үн қатпайтын.
Мамандар бар елі үшін антын беріп,
Бар сайманын сайлап жүрер,  еш сатпайтын..

Соның бірі дәрігер мамандығы,
Қымбат әркез әрине адам құны.
Жауапты іс, адамның өміріне,
Жұмыстары тоқтамас күндіз, түні.

Дәл қазіргі көрінбейтін індет барда,
Дәрігердің көбеюде міндеті алда.
Үйін-күйін көрмей алыс жүрген олар,
Итеруде өздерін құз бен жарға...

Жұқтырып вирус ақ халатты абзал жандар,
Қайғыланып атуда әрбір таңдар.
Жойылсыншы ертерек бұл бір індет,
Бұл індеттен айығып барлық жандар...

Дәрігер де тынышталсын, халқымыз да,
Амандықты сыйлап Аллам жалпымызға.
Дәрігерге Алла жар боп, жеңілдетсін,
Вирус кетіп, шаттық сыйлап халқымызға.

Бас иеміз дәрігерлер қауымына,
Қарсы тұрар қара түнек ағымына.
Қиындыққа кезіксе де дәрігерлер,
Жеңіп шықсын, сынбай еш сағы мына.

Кетсін індет, жойылсын елімізден,
Келмесін еш, жоғалсын, кетсін бізден.
Дәрігерлер күні өтсін қуанышта,
Тыныштықта тойланып елімізбен!

Түркістан қаласынан:
                            Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу