Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.06.2021
298
СОЛ ЖЫЛЫ ТУҒАН ҚЫЗ ЕДІМ
Сол жылы туған қыз едім
Желтоқсанның сеземіз әле ызғарын,
Қан жуылған, тайғақтаған мұздарын.
Елі үшін жан алысып, беріскен,
Намысы асқақ ұлдары мен қыздарын.
Ұлтан етпек болған ар мен ұжданды,
Жүректерде орны толмас сыз қалды.
Саясаты сол кездегі биліктің,
Қарсы қойды намысты ұл мен қыздарды.
Еліміз үшін шайқасқан қанды белестер,
Өзенді шайған қан жоса небір егестер...
Желтоқсанның ызғары мен мұздары,
Жанарларда мұңын шағып елестер.
Қайсар да, батыл болмаса жастар сол кезде,
Тәуелсіздіктің көретін бе едік ақ таңын?
Сол кезде жастар, қаны мен жанын бермесе,
Сезінер ме едік, азаттық таңның атқанын?!
Не көрмедің, түнерген бұлтты қара аспан?
Қазағым үшін мұңын шағып, жанасқан.
Сездің бе сонда, тәуелсіздіктің келерін,
Көк туым мен көк аспан күліп жарасқан.
Азаттыққа арпалысқан майдан бұл,
Кеткендейін сұрапыл еткен айдан нұр.
Желтоқсаншы жастарымның арқасы,
Тәуелсіздкке құшағын ашып жайған күн.
Желтоқсанның ызғары бар жүректе,
Айналдырған айналаны түнекке.
Қыршыннан кеткен боздақтары қазақтың,
Қалады мәңгі, естен кетпей, жүректе.
Мұңға толар қайғырып мендік жүрегім,
Тағзым етейік құрбандарға біз елім.
Боздақтардың жан айғайын сезінер,
Желтоқсанда, сол жылы туған қыз едім.
Жібек Искакова
Желтоқсанның сеземіз әле ызғарын,
Қан жуылған, тайғақтаған мұздарын.
Елі үшін жан алысып, беріскен,
Намысы асқақ ұлдары мен қыздарын.
Ұлтан етпек болған ар мен ұжданды,
Жүректерде орны толмас сыз қалды.
Саясаты сол кездегі биліктің,
Қарсы қойды намысты ұл мен қыздарды.
Еліміз үшін шайқасқан қанды белестер,
Өзенді шайған қан жоса небір егестер...
Желтоқсанның ызғары мен мұздары,
Жанарларда мұңын шағып елестер.
Қайсар да, батыл болмаса жастар сол кезде,
Тәуелсіздіктің көретін бе едік ақ таңын?
Сол кезде жастар, қаны мен жанын бермесе,
Сезінер ме едік, азаттық таңның атқанын?!
Не көрмедің, түнерген бұлтты қара аспан?
Қазағым үшін мұңын шағып, жанасқан.
Сездің бе сонда, тәуелсіздіктің келерін,
Көк туым мен көк аспан күліп жарасқан.
Азаттыққа арпалысқан майдан бұл,
Кеткендейін сұрапыл еткен айдан нұр.
Желтоқсаншы жастарымның арқасы,
Тәуелсіздкке құшағын ашып жайған күн.
Желтоқсанның ызғары бар жүректе,
Айналдырған айналаны түнекке.
Қыршыннан кеткен боздақтары қазақтың,
Қалады мәңгі, естен кетпей, жүректе.
Мұңға толар қайғырып мендік жүрегім,
Тағзым етейік құрбандарға біз елім.
Боздақтардың жан айғайын сезінер,
Желтоқсанда, сол жылы туған қыз едім.
Жібек Искакова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter