Өлеңдер ✍️

  03.06.2021
  2292


Автор: Жібек Ысқақова

Әкім Ысқақ ағаның "Алтыным" кітабының желісі бойынша

Әкім Ысқақ ағаның "Алтыным" кітабының желісі бойынша

Алтыным!
Өмірді сүй! Өзіңе сен!
Адамдарды құрметте! Қателеспе!
Түсіне білген жандарға бұл өмірде,
Қағидамыз ең басты, осы емеспе?!

Алтыным!
Көңіл отын тұтандырар,
Жағымды сөз, жағымды ой.
Сананы улап, бағындырар,
Жаман әдет, бәрін жой!

Алтыным!
Адамдарға мейірім керек,
Жетпейтіні де-мейірім.
Мейрім барда құлатпайсың,
Адамдықтың пейілін!

Алтыным!
Адамдарды қуантайық,
Жүзіне шаттық сыйлайық,
Жақсы сөз жанның азығы,
Жақсылықты жырлайық!
Жақсы сөз, көңіл сыйлайды,
Жаманға көңіл бұрмайық!

Біле білсең әр адам,
Жылы сөзді іздейді.
Жылы сөзден нұрлана,
Қиындықты сезбейді.
Бір адам болсын қуанып,
Әр сөзіңнен нәр алса,
Ол сенің бейнең адамдық,
Адамдар сенен безбейді!

Алтыным!
Жымия түс, шаттана түс!
Әрбір сәттен бақ таба түс!
Өзгеге кінә арта бермей,
Қуанышы көп сәт таба түс!
Айналаңа мейріммен қарап,
Жақсылық ісін атқара түс!
Өмір тамаша біле білсең,
Күннен күнге жақсара түс!

Шаттығың тасып тұрғанда,
Төмпешік тау боп көрінер!
Көңілің пәс боп түскенде,
Жоқ болып тау сезілер!

Алтыным!
Ең әдемі қандай сөз, білесің бе?
"Айналайын" сөзі айтқан Аналардың.
Содан кейін жүректен шыққан шынайы сөз,
Жаныңа жақын жандарға арналатын...

Алтыным!
Қазынаға толы "алтын сандық" өмір-деген,
Сандық кілті кез келгенге берілмеген.
Зерделі де зерек жан кілтке айналар,
Аша алатын сандықты мейрімменен...

Алтыным!
Тырнақ асты кір іздеп, қаралама,
Адамдарды бір-бірінен алалама!
Кемшіл тұсын айқындап, өсек етіп,
Адамдарды іріктеп, саралама!
Жақсы көріп, түсіне біл барша адамды,
Адам жанын түсінер адам ғана!
Жақсы көрсең адамдарды, өмір сонда,
Жақсы көрер, шаттық сыйлап саған ғана...

Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Бота
Бота 18.10.2022 18:05
Керемет екен, кітаптың электрондық нұсқасы бармекен
Балауса
Балауса 08.10.2021 19:19
?керемет ?

Пікір жазу