Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.06.2021
304
САҒЫНА ТҮССІН ДЕДІҢ БЕ?!
(Оқырман өтініші бойынша)
Сүйіктім, жан жүрегім,
Өзіңсіз қалай жүремін.
Сыздап тұрған жүректің
Өзің кеп тапшы бір емін.
Пәк сезім тербеп жүректі,
Көңілдің күйі дір етті.
Ойымнан кетпей әр сөзің,
Сағынышымды үдетті.
Қайдасың қайда, қай жақта?
Кеттің ба шалғай ай жаққа?!
Өзіңсіз өмір қызықсыз,
Жүргендей жалғыз айлақта.
Сағына түссін дедің бе?
Сезімге жіпсіз байланып.
Қамыға түссін дедің бе?
Бақытсыз жанға айналып.
Зарыға түссін дедің бе?
Іздеумен сені ойға алып.
Тарыға түссін дедің бе?
Ессіз адамдай ойланып.
Қасыңа сенің барайын,
Көңілдің күйін табайын.
Жүректегі сезімнің,
Лаулатып отын жағайын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter