Әңгімелер ✍️
Рамкаға симайтын ойлар
Бисмилләәһир Раһмәәнир Раһиим.
Аллаға құл болмасаң басқаға құл боласаң, не ақшаға, не әйелге, не мәнсапқа, не сол мансаптыға. Алланы зікір етпеген жүрек басқаны зікір етіп кетеді, содан сақтан.
***
Ештеңе мәңгі емес, барлық нәрсе баянды емес. Сондықтан да кез-келген дүние тірлігінде шынайы жүрекпен берілмеу керек. Ал Аллаға құлшылықта жан-тәніңмен, шынайы жүрепен берілу керек. Сонда ғана баққттың дәмін татасың.
***
Дуалы ауыз деген кім? Аузында Құран, ісінде сүннет, әдебінде тасауф бар. Сөзі жүрек ауыруға ем, тақуа жан болмақ.
***
Алла деп соққан жүректер тоқтаса, сол күні қиямет қайым басталады. Сол жүркетер неткен жақсы. Барша тіршілік соларға қарыздар. Анығын бір Алла біледі.
***
Алланытану мен Алланытанымау адамды бақытты бақытсыз етеді. Жартатушының арқанына мықты жабысу керек.
***
Өзіңді ешқашан жоғары ұстама, өр көкірек, такапарлықтан үлкен күна жоқ.
Тек жауыңның алдында іштей Аллаға сиынып, өзіңді тік ұстауыңа болады.
***
Айналаңа риза болып қара, сонда мына дүние әдемі көрінеді.
***
«Бұдан жаман күнде тойға барғанбыз»дейтін қазақтың сөзі бар, бұл бақыттың теориясы. Демек, адам жаман күнін көп еске алып, Аллаға шүкіршілік етуі керек.
***
Бақытың нақтылы бір өлшемі жоқ, жер бетінде қанша адам болса сонша бақыттың теориясы болады.
***
Дүние ісінде өзіңнен төменге, ақрет ісінде өзіңнен жоғарыға қара.
***
Қыздарын ашық-шашық киіндіріп, онысын мәденеитті адамдарға қосылдың деп, көшеге жіберген ата-ана құдды кезіндегі қызын тірідей көмген бадауилерге әбден ұқсайды.
***
Ұятты жерлері жабылмаған қыз-қырқын құдды көшеде долларын санап кетіп бара жтақан момын байға ұқсайды
***
Зинадан туылған бүгінгі тастанды балалар, кезіндегі баға алмаймын деп, ұрпағын өлтірген қараңғы қауымға ұқсайды.
***
Бұл әлем, жер беті тек адамдардыкі ғана емес, біз білетін және біз білмейтін сансыздаған жанды- жансыздарға тиеселі.
***
Ұыл Жаратушыдан басқаның бәрі өткінші, олар қозғалады, өзгереді, жоғалады.
***
Адамның жер бетіндегі міндеті не? Алла Тағала не үшін жаратты? Осыны білмей тұрып, осы туралы ойланбай тұрып, өмір сүрудің өзі қателік, күна.
***
Алла Тағала жер бетіндегі барлық тіршілік иесін белгілі мақсатпен жаратқан, сондықтан да әр адам әр түрлі, әр тіршілік әр қилы. Бұл айтып отырғанымыз құлдық міндет емес, азаматтық міндет. Анығын білуші тек бір Алла.
***
Адам әулі адам болуы керек, сосын барып азаматтық парыздарын орындай бастайды. Ал адам болу үшін қайту керек? Адам болудың басты шарты өз Иесін тану.
***
Отбасы елдің кішкене көрінісі. Отбасы институты ыдыраған бұл таңда үйленетін қыздарға үш айлық келіндер мектебін, жігіттерге бір айлық күйеулер курсын ашу керек. Қызға көк инені түртуді, жігітке қурайдың басын сындыруды өз тілі мен өз идеялогиясы, өз иманы негізінде үйрету керек.
***
Үйлену деген шынымен ауыр жүкті мойынға алыу. Екі бөлек тәрбиедегі адамның бір үйде түтін түтетуі, ойының бір жерге тоғысуы оңай емес. Бастапқы үш жыл ең қиын.
***
Жас келінге енесімен, абысын-ажындарымен тіл табысу, сол әулеттің биігін сақтау, кір келтірмеу келін мен ұлға тән шаруа.
***
Үйленетін қыз жігіт өздері үшін медциналық толық тексерістен өтуі керек. Содан кейін ғана неке қидыртса ертеңгі көп өкініштер мен ажырасудың алдын алады.
***
Адам байқұс әлсіз жаратылып, жерде жүргеніне қарамай, аспанда ұшып бара жатқан құсты атады, өзімен өзі күн көрген түз тағысын жуасытып мініп, тіпті, сойып жеп алады. Шын мәнінде адам олар сияқты мықты емес, олар сияқты көкте ұша алмайды, олар сияқты суықта, иен далада жүре алмайды. Қолына тікен кірсе соның азабына шыдамай шыңғырады. Әйтсе, адамның мықтылығы неде, өзінің Алланың құлы болғанын білуінде.Сен өзіңді танып болдың ба? Онда ендігі қадамды Алланы тануға бас.
***
Адам біреуге пайда келтірмесе де, біреуге зиян бермеуімен ғана адам болмақ!
***
Барлық нәрсе пайдалы болғанда ғана өз құны бар, ал зиянды болса соры бар. Алла сақтасын.
***
Адамның жалғыз мақсаты болуы керек, ол Алла ризалығы. Алла разы болса барлық бақыт өзі келеді.
***
Әр кімнің өз өмір жолы бар, мейлі ол көше сыпырсын, мейлі ол ел басқарсын екі иығындағы періштенің жазып отырғанын білсе ол бақытты.
***
Таза жүрек, шынайы пейіл барлық жетістіктің басы.
***
Адам өзінің жаратылуын бір сәт ойласа, бір тамшы лат сұйықтық, ұйыған қан, бір кесек ет, өкпе, жүрек...бір шындықты еріксіз сезеді. Барлығын ақылмен өлшеуді доғарып, жүрегін де тыңдар еді-ау.
***
Өзін танымай, Жаратушыны білмей, намаз оқып жүрекпен сезінбей Құран, дін ислам, иман туралы әңгіме айтатын адамдарға не дейсің?
***
Пайғамбарымыз(с.у.а)ды білмей, хадистерді ақылдың таразысына салатын жандар оңбай қателседі.
***
Надандық адамзаттың қас жауы деген сөзді біз бір жақтылы пайдаланып жүрміз. Бұнда өзінтану мен Жартушыны тануға қаратылған.... Дүние ғылымында шыңға шыққанмен сол ғылымның шын иесін, Жаратқанды білмесе ол ғалым ең үлкен надан.
***
Адам қанша рухани аш болса сонша көп, мағынасыз теледидар мен ұятсыз ғаламторға үңіледі, даңғаза ән тыңдап, би билеуге құмар болады. Рухы тоқ адам оның біреуіне қарамайды.
***
Оқу, түсіну жеткіліксіз...жүректің сүзгісінен өткізбей, өзі басынан кешірмей ой түйю шала.
***
Ақша үшін ерте тұратын адамдарға жаның ашиды. Өзін жоқтан бар еткен Алланы танымай, таң намазын оқымай «мен кедеймін» деп, байбалам салып үйінен шығып бара жатады.
***
Ақшасы жетіп тұрсада ақша, ақша деп оянатындардікі не өмір?!!!.... шөп жеп, су ішіп қораға түнеп қайта өріске кетіп бара жатқан шаңырақ мүйіз қоңыр өгіз келе береді көз алдыма.
***
Сұрауы жоқ ештеңе болмайды. «Судың да сұрауы бар» деп, қазақ бекер айтқан жоқ, соны біле тұра ойына келгенді жасап, төрт аяқты хайуанша күн кешетіндер бар...
***
Өмірдің мәні- Аллаға бас ұрып, салихалы ұрпақ тәрбиелеу... солар үшін күн-түн дұға жасау...
***
Бақыт деген өлшемі жоқ зат. Тек ол сезінуден тұрады.
***
Аузымыздан сілекей, мұрнымыздан маңқа, артымыздан дайрақ аққанына қарамай, талтаңдай басып шіренеміз-ау келіп.
***
Байдың мұңы екі дүниеде ауыр мұң...
***
Кедейлік иманды ұрлайды.
***
Ортасын ұстануға дұға жасау керек. Ал иманға келгенде біздер әлі ортасы тұрмақ басына жақындағамыз жоқ, сондықтан біз ақидамызды дұрыстап, фиқтан сауатты болып, шынайы түрде Алладан қорықсақ дінімізге берік боламыз.
***
Абай берісі өз айналасына, арысы исі қазаққа «сөз түзелді сенде түзел» деп, келелі әңгіме айтыпты. Сөз тыңдаған қазақты көрмеген соң, ақ қағазбен қара сиясын ермек етіп, қырық жасынан кейін Ақшоқыда Баймағанбетке есік бақтырып, үлкен шығармашылыққа отырыпты. Тіпті, құлай сүйген ғашығы Ай-Керімнің өзі Абайдың шабыты келгенде есік ашпапты.
***
Шәкәрім Құдайберді елден неге оңаша күн кешіп, жалғыз ой түйді, Ақан сері жұрттан безіп, бұйғы тірлік кешті? Міне бұл Абайдың сөзімен айтқанда көпте ақылдың жоқтығы. Алла Тағала санасына бермесе, адам адамды түзеп болмайды....сосын да олар қазағбен сияны ермек еттті. Оңаша ой түйді.
***
Абай үш рет болыс болған, тіпті дауы көп, даукес руларға сұраныс пен болыс болыпты... оларды даудан арылтып, елді жақсы басқарған. Шәкәрім де болыс болған. Осылай екеуіде елдің арасына терең бойлап, көп ойды сонда түйген.
***
Құнанбай қажыға барып, ит өмірге қайтып оралғысы келмей көп ойға батыпты... Қажылықтан үш күн кешігіп, бір жыл сонда қалып қой бақтырып, мешіт салдырыпты. Солай келесі жылы қажылығын толық өтеп еліне келіпті.
***
Ғылым мұсылманың жоғалған малы, оны іздеп табуы керек, бірақ адамға пайдалы ғылымды іздеу шарт.
***
Асапан қанша биік болса, халық та соша биік, ел арсында не түрлі адам бар, абайлап сөйлеп, абайлап істеу керек.
***
Адам өзіне күніне үш рет қару керек, пайдалы нәрсемен айналысып отырмын ба, әлде жоқ?
***
Ақылды адамдар қанша көп болса, ақымақтар да сонша көп. Жарты шелек су қатты шалдырлағаны сияқты қоғамда білімі төмен адамдардың даусы қатты шығып жатады.
***
Өмір деген қара өгіздің шүлігі сияқты, бір күні сол мұрынға сілекей мен маңқажағыла беріп жыртылады, бітті.
***
Бар нәрсе, өз тәбиғатымен ғана әдемі де құнды, одан кейін қоқыс.
***
Бүгінгі ғаламтордың толқынына төтеп беріп, содан өзін аман сақтаған жас өркен нағыз батыр....
***
Барлық нәрсе сезінуден тұрады, сезіне алмасаң өз сорың.
***
Таулар жердің тепе-теңдігін ұстайтын қазық, ал тура жолдағы ғалымдар елдің тепе- теңдігін ұстайтын тау.
***
Ырыздықты Алла береді, соған сеніп, болымсыз себеп жасаса, жетеді. Ал Алланы танымай таудай себеп жасайсың, шаршайсың, сонда ғана ырыздық қиналып әзер келеді.
***
Үнсіздікке жауап жоқ, әйелді жеңіу осы арқылы болады.
***
Әлсіз әйел үйден шыққанда иманы әлсіреп, ары кірлейді.
Ұяты жоқ әйел ол еркек.
***
Адам мен малдың ұқсамастығы иманда.
***
Тілі мен ділі жоқ адам тек қайсы ұлт екенін өзі білмейді.
***
Мұсылман, Мүмін екеуінің айырмашылығы үлкен. Құранда Мүмін сүресі бар, онда олардың он түрлі сипаты ашықтап көрсетілген. Ал ей, мұсылмадар деп, Жаратушы ескертеді. Содан қайсының дәрежесі үлкен екенін аңғар, әуелі мұсылман, сосын Мүмін бол.
***
Адам Пайғамбарымыз (с.а.у) жан-тәнімен жақысы көргенде ғана шын иманға қол жеткізеді.
***
Ыбраһим(а.с) ді тірідей отқа лақтырған Нәмүрт патша бір тал нәсокомның құлағына кіруімен басын дуалға соғып, одан өз басын өзі шой балғамен ұрғызып өледі. Муса(а.с) қуып келе жатқан Перғауын патша суға тұншығып өлді, сүйегі құмда көміліп 4 мың жыл жатты. Сол лаулаған отта, тасқындаған суда қазір өршіп тұр, Алланы танымасаң не күнаның отына жанасың, не надандықтың теңізіне ағып құрдымға кетесің. Алла сақтасын.
***
Қызғаныш, іш тарлық жаман нәрсе, алайда білімі бар, көркем мінезді адамды қызғануға болады. Байлығын Алла жолынжа жомартықпен жұмсаған байды да қызғануға болады.
Нұрхалық Абдырақын жазбаларынан
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter