31.05.2021
  425


Автор: Жүсіп Баласағұни

Құр тоздырып нұрлы жүздің жылуын,


Іздей көрме көрікті қыз сұлуын.


Ей, жас жігіт, жар таңдаған біледі,


Құр сұлуды іздесең – жұрт күледі.


Әйел алсаң – төрт рудан алысты ал,


Ол болмаса – ей, азамат, қалыс қал.


Байлық қуған әйел тілі ұзарар,


Мүлік жиып, «екі көзі қызарар».


Ақылды әйел мал да жинар, өндірер,


Байып алып, өзіңе де өң кірер.


Пейілді әйел көрікті де, текті ғой:


«Әйел көркі – қылығында» депті ғой!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу