Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
31.05.2021
671
![](/uploads/shorttexts/author_image/kadir.jpg)
Арман
Азамат боп мен ертең
Ауылымды көгертем.
Біздің қазған канаға
Канал болмас келер тең.
Жерім жұмақ болады,
Бұлт мақта боп қонады.
Бір пұшпағы шөлейттің
Ақ күрішке толады.
Түрі өзгеріп түзімнің,
Жыры өзгерер күзімнің.
Әжем менің шай ішер
Саясында жүзімнің.
Бақпен бөгеп желіңді,
Жайнатамыз шөліңді.
Өмір сүріп не керек,
Көгертпесең еліңді?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter