Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2021
210
Қариялар кеміп қалған сияқты
Қариялар кеміп қалған сияқты,
Дәриялар кеуіп қалған сияқты.
Арулардың құты қашқан сияқты,
Аруананың сүті қашқан сияқты.
Аспаныңның күні сөнген сияқты,
Жас жаныңның гүлі семген сияқты.
Бақыт құсын атып кеткен сияқты,
Жақын кісің сатып кеткен сияқты.
Дейсің маған, көкірегі қаяулым,
Өмір тіпті олай емес, аяулым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter