Өлеңдер ✍️

  30.05.2021
  156


Автор: Қадыр Мырза Әли

Көңіл үшін, шіркін-ай, қажет еді

Көңіл үшін, шіркін-ай, қажет еді,
Көп болмайды бірақ та,
Жаз өтеді.
Кім шығады бұл түннен,
Кім шықпайды?
Кім жетпейді ертеңге,
Кім жетеді?
Өзгені де өзіңдей білсең еді!
Күй сәулесі болмаса гүл семеді.
Таң болып кім атады,
Кім батады?
Кім жұлдыз боп жанады,
Кім сөнеді?
Тербетеді тентек жел тың даланы.
Тас бауыр бұлт құм-шөлге бұлданады.
Кім ақтайды үмітті,
Кім ақтамай?
Кім қалмайды тарихта,
Кім қалады?
Тұрғандай-ақ бәрі де өз қолыңда,
Тағы да бір әңгіме қозғадың ба?!
Бекер!
Бекер!
Ешкімнен қорықпайды
Жыр өсірген адамдар сөз бағында!
Қай кезде де ораққа құрбан құрақ.
Талай басты алды ғой жылдам бұрап.
Сол басты алған патшаның абыройы
Сол ақынның қолында тұрған бірақ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу