Өлеңдер ✍️

  30.05.2021
  241


Автор: Қадыр Мырза Әли

Өтер уақыт

Өтер уақыт,
Өтеді гүлді көктем.
Өтеді деп аласың кімді беттен?!
Өтер жастық
Яки өтер жасың
Махаббатты өмірге кіндік еткен
Өтеді уақыт,
Өтеді және жазың
Болады үлкен,
Немесе бала жазым.
Өтер шілдең
Яки жігіттіктің
Отырасың шығарып жаназасын.
Өтеді уақыт,
Өтеді қоңыр күзің.
Тағдырдың да татасың не бір тұзын.
Өтіп қазан,
Қарашаң,
Өтіп бәрі,
Қысқартасың ақырын өмірді ұзын.
Өтеді уақыт зымырап,
Өтер қысың.
Пыр етіп бір ұшар да кетер құсың.
Біле тұра уақыттың баянсызын,
Өзіңе өзін жасайсың бекер қысым!
Қалар артта бесік жыр,
Бесік-үйің,
Есіл туыс,
Есіл жұрт,
Есіл бұйым.
Жылдар өтсе мейлі ғой,
Өте берсін!
Сәттер өтіп барады,
Осы қиын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу