Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2021
177
Айта алмаймын кеткен жоқ деп түгім де
Айта алмаймын кеткен жоқ деп түгім де.
Талай түйін пайда болды жібімде.
Асау едім,
Енді қолға үйренген
Цирктегі тұлпар болдым бүгінде.
Қуаныш пен қасіреттің жігінде
Бірте-бірте ауырлады жүгім де.
Өзен едім,
Жан-жағынан бөгелген
Толқыны жоқ тоған болдым бүгінде.
Төсек тартып жататұғын күнім бе?
Удай ащы таблетка тілімде.
Тек алдыма қараушы едім,
Жалтақтап
Енді артыма көп қараймын бүгінде.
Қайтер екем, қайтер екем түбінде?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter