Өлеңдер ✍️

  30.05.2021
  209


Автор: Қадыр Мырза Әли

Шыдаймын ғой, қайтейін, өлсем де енді

Шыдаймын ғой, қайтейін, өлсем де енді.
Жұбатпай-ақ...
Жаныма келсең болды.
Көтере алмай жатқаным еңсемді енді.
Көтермеспін...
Бірақ сен келсең болды.
Ақтарылған көзімнен көрсең көлді!
Көңіл айтпа...
Ән салып берсең болды.
Қалтыраған тарамыс көрсең қолды,
Хал сұрама...
Күй тартып берсең болды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу