Әңгімелер ✍️
![](/uploads/shorttexts/author_image/1141-oooo-plus-150x150.png)
Қытай ғылым мен техника жағынан Батысты басып озуындағы 5 себебі
2021 жылы Қытай коммунистік партиясы өзінің жүз жылдығын тойлайды. Ғасырдың басты жетістігі - кедейлікті жеңу, келесі 2049 жылға жоспарланған: ол дәстүрлер мен ежелгі дәуірлерге жүгінуге емес, болашаққа серпіліс жасауға негізделген «ұлы Қытай ұлтының қайта тірілуі» деп аталады.
Секіріс стратегиясы технология мен ғылымға арналған 14-ші бесжылдық даму жоспарында тұжырымдалған (біріншісі сонау 1953 жылы қабылданған). Технологиялық философ және «Ібіліс аяғы» Telegram каналының жүргізушісі Сергей Жданов Қытайдың жасанды интеллект, жартылай өткізгіштер, кванттық компьютерлер, неврология және генетика саласындағы орасан жоспарлары туралы әңгімеледі. Қытай «әлемнің фабрикасы» болып саналған кезден бастап мынадай пікір қалыптасты - бұл ештеңе ойлап таппайтын және тек өзгенің дизайны бойынша тауарларды құрастыратын ел.
Қазір бұл ел ғылым мен техника саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. 2020 жылы бүкіл әлем коронавируспен күресіп жатқанда, ҚХР үкіметі ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге (ҒЗТКЖ) - жаңа өнімдер мен қызметтерді дамытуға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулер мен сынақтарға 378 миллиард доллар жұмсады. Алдағы бес жылда бұл сома жыл сайын 7 % өседі.
Бүгінгі таңда жарияланған әрбір бесінші ғылыми мақаланы қытайлық ғалымдар жазады, ал алдағы бес жылда КХР-ның үкіметі «таза» ғылымға 10 % артық ақша жұмсамақшы. Қытай ғылымы барған сайын бизнеспен астасып жатыр: 2019 жылы үкімет ғалымдар енді өз стартаптарын ашу үшін алты жылға дейінгі демалыс алуға құқылы деп жариялады. Осы ұсынысты пайдаланған ғалымдар жалақы мен жеңілдіктерді ала береді және олардың осы кезеңдегі жетістіктері академиялық жүйеде ғылыми қызмет ретінде саналады.
ҚХР үкіметі ғалымдар мен бизнесмендер үшін, егер олар ел басшылығы басымдыққа ие деп санайтын белгілі бір салада жұмыс жасаса, оларға барынша қолайлы жағдай жасайды. Сонымен, 14-бесжылдықта Қытай жасанды интеллектке, жартылай өткізгіштерге, кванттық компьютерлерге, неврология мен генетикаға көп көңіл бөледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇