Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2021
312

Дүние құдіреті
Жүреді жұрт қимағаннан
Тірлікті тұғыр етіп.
Өзіне-өзі сыймағаннан —
Дүние құдіреті:
Өзіне-өзі сыймағаннан
Найзағай тұтанады.
Өзіне-өзі сыймағаннан
Желіннен сүт ағады.
Өзіне-өзі сыймағаннан
Сағыныш сарылады.
Өзіне-өзі сыймағаннан
Жанартау жарылады.
Өзіне-өзі сыймағаннан
Күніңнен нұр шығады.
Өзіне-өзі сыймағаннан
Ақыннан жыр шығады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter