Өлеңдер ✍️

  29.05.2021
  222


Автор: Қадыр Мырза Әли

Ғашық

Сен не дейсің?
Ағайын, ол не дейді?
Көп дүние ол үшін көлегейлі.
Сүйгенінің қасында,
Басқа түгіл,
Періштенің өзін де елемейді!
Ғашық жандар қызық қой —
Көз ілмейді.
Құдірет те,
Құдай да өзім дейді.
Құшағында тұрғанда қуаныштың
Кесіп алсаң құлағын... сезінбейді!
Ұмыттырып барлығын ғашық әні,
Інжу болып,
Маржан боп шашылады...
Көз дегенің жұмулы!
Көзі кейін
Ашылады,
О-ох, қалай ашылады!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу