Өлеңдер ✍️

  29.05.2021
  197


Автор: Қадыр Мырза Әли

Табиғат тойы

Тағы келді,
Тағы келді бір көктем.
Сәби сәуір көтерілді жөргектен.
Ертеменен безілдеді,
Сайрады,
Қараторғай орын таппай жер-көктен.
Біз өкшелер тық-тық етіп басқанда,
Тебіреніс байқалады тастан да.
Самғай-самғай,
Суға сіңген нілдей боп,
Сұңқарларың жоқ боп кетті аспанда!
Қара көздер қарсы алдынан өткенде,
Қайран жігіт қалай шыдар от-демге!
Көңіл көкте,
Өзің бірақ төменде,
Қанатсызға қандай қиын көктемде!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу