Өлеңдер ✍️

  29.05.2021
  215


Автор: Қадыр Мырза Әли

Екі көктем

Қаңтарында мығым еді мығымы,
Күннің ойын көзінен-ақ ұғынып,
Мақтасындай көнелеу бір көрпенің
Қардың жүні қалды бірден жығылып.
Айналаға тосқан алтын табақтар
Ару көктем үмітіңді әлі ақтар.
Терлеп-тепшіп,
Төбесінен бу шығып,
Қарауытып қалды күнгей қабақтар.
Саумал сәуле сырғығандай науадан,
Сіміреді,
Сіңіреді сау адам.
Бұтақтары бөртіп өрік ағаштың,
Наурыз иісі шығып-ақ тұр ауадан.
Жасыл көйлек киген күні-ақ таныс бақ,
Жүрек пенен жүрек жылап табыспақ.
Жыл көктемі бірте-бірте жақындап,
Өз көктемім бірте-бірте алыстап!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу