Өлеңдер ✍️

  29.05.2021
  233


Автор: Қадыр Мырза Әли

Ақша қар

Ақ уыздай ақша қарды басқан кім?!
Баспақ түгіл қарауға мен жасқандым.
Ақ қыраудың ақ қылынан тоқылған
Ақ шілтері селдірейді аспанның.
Аяз сорған алқап анау боп-бозаң.
Ал шаһарда көк түтіннен жоқ мазаң.
Тиіп кетсең,
Бұтағынан қайыңның
Мойыныңа сауылдайды ақ тозаң.
Жұлдызы жоқ,
Бірақ сүттей түнгі аспан
Қылаулайды,
Қылаулайды тынбастан.
Аппақ әлем сияқты бір диірменші
Кірпігіне дейін түгел үн басқан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу