Өлеңдер ✍️

  29.05.2021
  183


Автор: Қадыр Мырза Әли

Жұлдыздардай көктегі

Жұлдыздардай көктегі
Бірте-бірте азайып,
Өте шықты көктемім,
Өте шықты жаз айы.
Ауа бесті қымыздай,
Қымызға мас атырап.
Жеміс-жырға уыздай
Зер боп қонды жапырақ.
Сөйлеп қыстың тілімен,
Қарттық құшақ жаяды.
Жаңбыр жауып түнімен,
Қарға айналды аяғы...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу