Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.05.2021
178
Үйлесім һәм ұйқас тауып қиыннан
Үйлесім һәм ұйқас тауып қиыннан,
Үкілі ой шықпай қойды ойымнан.
Сол ойменен бардым бүгін жұмысқа,
Сол ойменен қайттым жаңа жиыннан.
Алаңдату мүмкін емес тойменен,
Түніменен көз ілдірмей қойды өлең.
Ақ селеудің ұрығындай қадалып,
Түскен жерге сіңе берер ой деген!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter