26.05.2021
  346


Автор: Гүлтас Құрманбай

Менде сенің жүрегің соғып тұр

Ұлан Исмайыл
Ғылым және технология мектебі, 2-курс 



Біз сияқтыларды “Чернобльдіктер”деп атайды...


...Тіпті не айтарымды да білмеймін... Өлім жайында ма немесе махаббат жайында ма? Әлде екеуі бір нәрсе болғаны ма?..


... Отау құрғанымызға алты айдан енді асқан еді. Көшеде қол ұстасып жүргенді ұнататын едік. Мен оған сүйемін деп айтушы едім, бірақ қалай сүйгенімді өзім де білмеппін. Ойланып та көрмеппін. Өрт сөндіру бөлімшесінің жатақханасында тұратын едік. Екінші қабатта. Бізден бөлек тағы үш жас отбасы бар болатын, бәріміз бір асхананы қолданатын едік. Ал терезеден төменге қарасаң, өңкей қызыл өрт сөндіру көліктерін көресің...
Бұл – оның жұмысы. Оның жағдайын, қайда болатынын әрдайым біліп отыратан едім. Түн ортасында шуылдаған дыбыстан ойанып, терезеден қараймын. Ал ол болса: “Асель, терезені жап, ұйқта. Станцияда өрт шығыпты, мен көп ұзамай келемін” дейді.
... Жарылысты өзім көргенім жоқ. Тек лапылдаған өрт. Барлығы жарқырап тұрғандай. Аспан да солай. Көк түтін. Ыстық. Ал ол болса әлі жоқ. Арнайы киімдерін де кимепті, құр көйлекпен кетіп қалған сияқты. Оларға ескертпеген, үйреншікті өрт сөндіру тапсырмасына шақыртқан. Сағат төрт... бес... алты....
Біз алтыда ауылға, оның ата-анасының үйіне картоп егуге барайын дегенбіз. Қала мен ауылдың арасы қырық шақырым. Егін егу, жер аудару... Оның сүйікті істері. Анасы оны қалай қалаға жібергілері келмегені жайлы жиі еске алатын еді. Тіпті оған арнап жаңа үй тұрғызған. Кейін әскерге кетіп қалды.

Мәскеуде өрт сөндіру зводында әскери борышын өтеді. Қайтып келген соң өмірін өрт сөндіруге арнады. Басқа еш нәрсені мойындамайтын еді.
Кейде оның дауысын естігендей боламын... Тірі.. Кейде суреттері де маған қатты әсер етеді. Кәдімгі дауыстап шақырғандай болады.
Сағат жеті... Оның ауруханада жатқаны туралы хабар келді. Өкпемді қолыма ұстап сонда жүгірдім. Барсам, тәртіп сақшылары аурухананы қоршап алыпты, ешкімді өткізбейді. Бір жақтан жедел жәрдем көліктері қаптап келуде. Тек мен емес, түнде станцияға кеткен ерлердің келіншектері, аналары, барлығы осында. Осы ауруханада істейтін танысым бар еді. Соны іздестіре бастадым. Оның бір көліктен түсіп бара жатқанын көріп, жетіп барып:
– Мені өткіз! Шыдай алмаспын! Онымен көрісуім керек. Тек көрсем болды.
– Жарайды – деді, – жүгір, он - он бес минутқа тек. Оны көрдім. Көзі көрінбейді, денесі ісіп кеткен.
– Сүт беріңдер, көп сүт, – деді менің бір танысым.
– Ол сүт ішпейді ғой, бірақ, десем,
– Енді ішетін болады, жан керек болса ішеді, - дейді.
Дәрігерлер, медбикелер, әсіресе еден жуушылар біраз уақыттан кейін ауыратын болады, кейбіреуі бақилық болады... Бірақ оны ешкім де білмейтін еді. Таңғы онда оператор қайтыс болыпты. Ол бірінші болып жан тапсырды. Бірінші күні...


Құрбым Таня жүгіріп келе жатыр. Оның күйеуі де осы палатада. Әкесімен келіпті, көлікпен. Сол көлікпен ең жақын ауылға сүт іздеуге кеттік. Ол шамамен қаладан үш шақырымда. Үш литрлік банкадан бәріне жетсін деп, алтауын сатып алдық. Бірақ сүттен жүректері айнып жатыр. Үнемі естен танып қала береді. Дәрігелер оларды газдан уланған дейді, бірақ радиация туралы ешкім айтпайды. Қала әскери техникамен толып қалды, жолдарды жауып тастаған. Электричка жүрмейді. Көшелерді бір ақ көпіршікпен тазалап жатыр. Менің бар ойым болса “Ертең, ауылға сүт алуға қалай барады екенмін?”. Ешкім радиация туралы айтпады... Тек әскерилер арнайы дем алатын маскалармен жүрді.
Кешкісін ауруханаға кіргізбеді. Айнала топырлаған адам. Мен оның терезесінің астында тұрмын. Ол терезеге жақындап келіп, бірдеңкелерді жалма-жан айтып жатыр. Естілмейді. Кейіннен сұрастырғанымда, таңертең оларды Мәскеуге алып кететіні белгілі болды. Әйелдер топырлап, “Күйеулерімізге жіберіңдер!” деп шуласып жатыр. Біз олармен кететін болып шештік. Сонда бір дәрігер шығып: “Оларды таңертең Мәскеуге ұшақпен алып кетеді, оларға киім алып келіңдер” деп кететіндерін растап кетті. Олардың станцияға киген киімдері жанып кеткен. Қалада автобус жүрмейді. Біз болсақ үйге қарай жүгірдік. Сөмкелермен келсек, ұшақ ұшып кетіпті. Содан алданғанымызды түсіндік... Біз қанша жыласақ та, айқайласақ та, жалынсақ та ешкім мән бермеді.
Түн.... Қаладан шығатын жаққа қарай жүздеген автобустар, ал қалаға кіріп жатқан тек өрт сөндіру көліктері. Көше ақ көпіршікке оранған. Біз болсақ соның арасымен жылап, есеңгіреп кетіп бара жатырмыз. “Жылы киімдеріңді өздеріңмен алыңдар, қалада бес – алты күн эвукуация болады, ормандарда тұрасыңдар...” деп, радиодан хабарлады. Кейбіреулер болса, табиғатқа шығатындықтарына қуануда. “Бірінші майды сонда қарсы аламыз” деп, өздерімен гитара, магнитофондарын алуды да ұмытпады. Тек қана біз жылап жүрміз. Біз... Күйеулері, балалары зардап шеккендер.
Жолды ұмытып қалдым. Оның анасын көргенде бірақ есімді жыйдым.
– Мама, мама! Вася Мәскеуде. Арнайы ұшақпен алып кетті, – дедім мен.

Құрсағымда алты айлық бала бар. Кешкісін басым ауырып, жүрегім айный бастады. Қатты қалжырап кеттім. Мен ұйқтап жатқанымда “Асель! Аселья!” – деп оятушы еді. Оны түсімде көремін, мені шақырғандай болады.
Таңертең Мәскеуге барамын деген оймен ояндым. Жалғыз өзім... “Қайда кетпекшісің?” – деп анасы көзі жасаурап қалды. Әкесі жиған-терген ақшасын алып, мені жолға шығарып салды.


Мәскеу – алтыншы арнайы радиологиялық аурухана. Арнайы құжаттарсыз өткізбейді. Вахтерге ақша беріп, әйтеуір өттім. Енді, радиологиялық бөлімнің бас дәрігерінің кабинетінде отырмын. Тіпті дәрігердің есіміне де мән бермеппін. Білетінім тек бір нарсе – оны көру. Дәрігердің бірінші сұраған нәрсесі:
– Балаларың бар ма?
Қалай ғана жоқ дейін. Жоқ десем болды, анық кіргізбейді. Арық болғаным жақсы болды, ішімнің шыққаны байқалмайды.
– Бар, – дедім.
– Қаншау?
Біреу деп айтсам кіргізбес деп:
– Екеу. Бір – қыз, бір –ұл,– дедім.
– Екеу болса, одан кейін керек болмас. Енді тыңда: Жүйке жүйесі бұзылған. Омыртқасы толықтай зақымданған…”
– Жарайды, кішкене ашушаң болса ештеңке етпес.
– Енді тыңда, жылайтын болсаң, сол кезде шығарып жіберем. Сүйісуге, құшақтасуға болмайды. Тіпті жақындама. Жарты сағатың бар.
Бірақ менің ойым басқа еді. Өзіме-өзім онсыз кетпеймін деп уәде бергенмін.
Кіріп келдім, олар кереуетте карта ойнап отыр. Менікі болса, мәз. Үстіне тар киім кигізіп қойыпты. Жеңі, балағы қып-қысқа. Бетінің ісігі басылыпты. Әбден химикаттармен емдеген болар.
– Қайда жоғалып кеттің?! – дедім. Ол болса мен құшақтамақшы.
– Отыр отыр, – деп дәрігер оны жібермей жатыр.

Құшақтасудың керегі жоқ.
Ал біз оны кейіннен әзілге айналдырып жібергенбіз. Бір кезде барлығы жиналып қалды, барлығы жиырма сегіз адам, жеті палатаға жатқызыпты. Бәрінің түрлері таныс. “Не жаналық, не болды?” деп, сұрастырып жатыр. Мен болсам: “Қалада төтенше жағдай деп бекітілді, халықты бір аптаға жан-жаққа алып кетіп жатыр.” Онымен жалғыз қалғым келді. Ойымды сезгендей, басқалар бірденкені сылтаулатып сыртқа дәлізге шығып кетті. Сосын мен дереу оны құшақтап, иіскелеп, сүйіп жатырмын. Ол қашуға тырысып:
– Жаныма отырма, орындақ алып, соған отыр,– деді.
– Ой, қай-қайдағыны айтпашы, бұар айта береді,– деймін. Жарылыстың қайда болғанын көрдің бе? Не болды сонда? Ең бірінші болып сендер емес пе барған сонда?
– Менің ойымша әдейі жасалған. Жарылысты қолдан ұйымдастырған.
Жігіттердің бәрі солай ойлап жатыр. Сүйтіп біраз ойланып отырды. Мен оны қайта-қайта құшақтап жібергім келмеді. Біраз уақыт отырдық.
Келесі күні келсем, әр қайсысын бөлек палаталарға жатқызыпты. Себебін “әрбір организм радиацияға әр түрлі қарсылық көрсетеді” деп түсіндірді. Біреуі көтергенді екіншісі көтере алмауы мүмкін екен. Қалған басқа науқастардың бәрін басқа ауруханаларға көшіріп жіберіпті.
Үш күн бойы Мәскеудегі институтта бірге оқыған құрбымның үйінде тұрдым. Валя осында ағасы мен жеңгесі үшеуі тұрады екен. Ол маған жаны ашып: “Не керек соны ала бер, тамақты қысылмай дайындай бер”, –деп қолғабыс жасады. Мен күнде алты адамға арнап сорпа жасап апарамын. Өзіміздің алты жігітке. Барлығы сол түні кезекшілікте болатын. Бәріне тіс щеткасын, паста, сабынын алып келдім. Ауруханада ондай заттар атымен жоқ еді. Сосын, кшікентай орамалдар сатып алдым. Қазір сол бір таныстарыма таң қалам. Әр түрлі алып қашпа әңгімелер болды. “Ауруханадағылардың жағдай өте қауіпті, олардың маңына жоламау керек, радиация қатты жұқпалы...”, деген сияқты. Бірақ таныстарым қорықса да: “Ештеңкеден қысылма, бір зат керек болса айт. Олардың жағдайлары қалай? Өмір сүре ме?”, – деп алаңдап тұратын. Өмірімде ондай адамдарды кездестірген жоқ едім.
Менің ойым – тек қана ол. Ойымнан бір минутқа да шыққан емес. Бір кісі айтып еді: “Кейбір аурулар бар жазылмайтын, олардың тек қана қолдарын сипап отырасың, ештеңке істей алмайсың...” Өмірімнің бәрі нүктеге келіп тіреліп тұр. Ол болмаса не істеймін?
Таңертең ерте базарға бардым. Қайтарда Валяның үйіне барып сорпа дайындап алдым. Жігіттердің біреуі алма алып келуімді өтініп еді, оны да алуды ұмытпадым. Алты жарты литрлік ыдыстармен, қаланың бір шеті – ауруханаға қарай жолға шықтым. Қолымда тағы дорбам бар. Кешке дейін отырам солармен, сосын қаланың екінші шетіне қайтамын. Үш-төрт күн солай болды. Дәрігер аурухананың маңайындағы медбиклкерге арналған қонақ үйде тұруға болатынын айтты. Бұл не деген бақыт?! Бірақ онда асхана жоқ, енді қалай тамақ істеймін... Дәрігерге барып айтып едім, ол:
– Бұдан былай тамақ істеудің қажеті жоқ. Олардың асқазандары тамақ қабылдамайды,– деді.


Он төрт күн өтті. Ол күннен күнге өзгере берді. Күн сайын жаңа бір адамды көргендей боламын. Денесінде күйіктер пайда бола бастады. Аузында, тілінде, маңдайына дейін жара басып кетті. Кейіннен үлкейе бастады. Денесі қарайып, қызарып, кейбір жерлері көк болып кетті. Ал мен болсам оны сүйемін, сол бір сұп-сұр денені, жараларын бәрін сүйемін. Ол менікі. Бұл сезімді айтып жеткізе алмаспын. Тіпті өзім де дұрыстап сезіне алмайтын сияқтымын. Мен оны құтқарғым келеді, жылауға да уақыт жоқ. Барлығы бір сәтте болғандай. Мен оны сүйемін. Сол кездің өзінде қалай сүйгенімді білмеймін. Үйленгенімізге де көп болмады ғой. Кейде есіме алам, Көшеде кетіп бара жатқанымызды. Менің қолымнан ұстап, аймалап, қайта-қайта сүйе береді. Көшеде адамдар кетіп бара жатыр, барлығы бізге күлімсіреп қарайды. Ал енді менің барым да, бағым да, махаббатым да ауруханада палатада жатып, менің көзімнің алдында өшіп бара жатыр...
Қонақ үйге келген күні мамандар менің денемдегі радияцияны өлшеді. Киім, сөмкелер, аяқ-киімдерім барлығы радиацияға тұншыққан. Бар затымды дереу алып қойды. Тек ақшаны қалдырды, әйтеуір. Орнына елу алтыншы өлшемде халат, аяғыма қырық үшінші өлшемде сүйретпелер берді. Менің киімдерімді қайтармаймыз деді. Осындай түрде оған бардым. Мені көріп шошып қалған ол: “Құдай-ау, саған не болған?” дейді. Ал мен болсам, қайтсем де сорпамды дайындаудың уайымымен жүр едім. Ыдысқа қайнатқышты тастап, тауық етінен майдалап салып пісіремін. Кейін біреуден тостақ алып, біреуден тақтай алып...
Аурухананың халатымен базарға бармадым, азық-түлікке қонақ үйде істейтін еден жууышы барып жүрді. Ал менікі болса тіпті сорпаны да іше алмайтын хәлге келді. Тіпті шикі жұмыртқаны да жұта алмайды. Почтаға жүгірдім. Келе сала: “Қыздар өтінемін, – тез арада ата-анама хабарласу керек – күйеуім өлім аузында жатыр!”. Неге екенін білмеймін, тез арада байланыс құрып берді. Әкем мен ағам сол күні ұшақпен Мәскеуге ұшып келді. Біраз заттарымды, ақша алып келді.
Тоғызыншы мамыр. Ол үнемі айтушы еді: “Сен Мәскеудің қандай әдемі екенін білмейсің ғой! Әсіресе жеңіс күнінде. Салют, парад. Сенің көргеніңді қалаймын”. Палатада оның қасында отырмын. Көзін ашып:
– Қазір күндіз бе әлде түн бе? – деп сұрады.
– Кешкі сағат – тоғыз.
– Терезені ашсаңшы, салют басталады қазір!

Терезені аштым. Сегізінші қабат. Бүкіл қала көз алдымда. Алдында байқамаппын да көріністі. Не деген әдемі! Аспанға алғашқы от шашу басталды.
– Міне, ғажап.
– Саған Мәскеуді көрсетем деп айтып едімғой. Саған әр мейрамда гүл сыйлаймын деп, уәде беріп едім ғой. Жастығының астынан үш қалампыр шығарып жатыр. Медбикеге ақша берген болуы керек. Сол кісі алып келген екен. Жантыласып құшақтап, сүйіп: “Жалғызым менің, махаббатым менің”– дегенім сол еді, қашқалақтап: “Дәрігер не деді? Жақындама маған, сүйме мені!” – деп, дірілдеген даусы шықты.
Маған дәрігерлер құшақтасуға болмайды деген еді. Бірақ мен....
Мен оны ары-бері көтеріп, отырғызатын едім. Көрпесін ауыстыратын едім. Градусник қоятын едім. Түнімен оның қасында болатын едім...
Бірде палатадан шыққаным сол еді, басым айналып жығыла жаздадым. Терезенің жақтауына сүйеніп тұрып қалдым. Қайта оның көзінше емес, дәлізде болғанына Құдайға шүкір. Жанымда өтіп бара жатқан бір дәрігер қолымнан ұстап:
– Сіз екіқабатсыз ба? – дейді.
– Жоқ, жоқ! – деп, бізді ешкім естіп қойған жоқ па деп қорқып кеттім.
– Алдамаңыз, – деп, күрсінді.
Қатты сасқалақтап қалдым. Оған не айтарымды білмей қалдым. Ертесіне мені бас дәрігерге шақырды.
– Мені неге алдадыңыз? – деп сұрады ол.
– Басқа амалым қалмады. Шындықты айтқанымда үйіме жіберетін едіңіздер.
– Сіз не істеп қойдыңыз?!
– Бірақ мен...


... Оны өзінің палатасынан шығарып, арнайы камераға жатқызып қойды. Камера бір пакетпен қапталған, кіруге  болмайды. Арнайы құралдар көп, шошып кетесің. Жаңағы пакеттің сыртынан ине сала береді. Бірақ мен ешкім жоқта, құралдарды, пакетті жинап оның қасына баруды үйреніп алдым. Оның кереуетінің жанында кішкене ғана орындық болатын. Оның жағдайы қатты нашарлап кетті. Жанынан бір сәтке де ажырамадым. Үнемі мені шақыратын. “Асель, қайдасың? Аселья?”. Шақыра береді... Оларға солдаттар қарайтын болды. Себебі медбикелер, санитарлар оларға қызмет көрсетуден бас тартты. Солдаттар бәрін істейтін еді. Еден жуады, төсектерін ауыстырады, ластықтарды тазалайды... Солдаттар қайдан келді? Сұрамадым. Тек қана ол. Сол болса болды. Күнде естимін: “Өлді, өлді, Тищура өлді... Макс өлді. Семен өлді... Титенок өлді...”. Көз алдымда жігіттер көз жұмып жатты. Желкеден балғамен соққандай болады... Терім жарыла бастады, қолым да, аяғым да. Денеме күлдіреуіктер шығып кетті. Ол басын жастыққа үйкегенде шашы жастыққа төгіліп қалатын еді. Кейіннен барлығының шаштарын алып тастады. Мен оның шашын өзім алмақшы болғанмын, бірақ болмады. Ол үшін барлық нәрсені өзім жасағым келді. Оның қасында жиырма төтр сағат бойы болар едім, тек әлім жетпейді. Әр минут мен үшін қымбат еді....
Бір күні оның қасына барсам, столда апельсин тұр. Үп-үлкен. Бірақ сары емес – қызыл. Күлімсіреп: “Маған сыйлады, өзіңе ал, же,”– деп қояды. Медбике болса пленканың ар жағынан қолын сермеп, жеуге болмайды деп айтып жатыр. Оның қасында болған затты жемек түгілі қолмен ұстауға қорқасың. “Сен апельсинді ұнатасың ғой, қане жеші”, – деп айтты. Мен апельсинді қолыма алдым. Сол кезде ол көзін жұмып, ұйықтауға кірісті. Оған үнемі ұйықтататын дәрілер салынады. Медбике маған қорқып қарап тұр. Ал мен ше? Мен ол үшін кез келген нәрсені істеуге дайынмын. Ол өлім туралы, оның ауруы емделмейтінін және менің одан қорқатыным жайлы сезіктенбесе болды. Маған бір дәрігер айтқан еді: “Ұмытпаңыз, сіздің алдыңызда жатқан сүйікті күйеуіңіз емес. Ол жатқан радиоактивті зат, өте улы. Сіз өзіңіздің басыңызды өлімге тіккелі жатырсыз, өзіңізді ұстай біліңіз, абайлаңыз!”. Ал мен: “Мен оны сүйемін! Сүйемін!” дей беремін. Ол ұйықтап жатса да құлағына: “Мен сені сүйемін” деп сыбырлаушы едім. Есіме баяғы бірге сүрген өмірімізді көп алушы едім. Біздің жатақханада... Ол менің қолымды ұстамаса ұйықтай алмайтын еді. Тіпті ұйықтағанда да қолымды жібермейтін әдеті бар еді. Түні бойы солай....
Ал енді ауруханада мен оның қолынан ұстап, жібермедім...
Түн. Тыныштық. Біз екеуміз ғана. Маған мұқият қарады да:
– Біздің баламызды көргім келеді. Қандай болады екен ол?
– Оның атын кім деп қоямыз?
– Он енді өзің шешерсің.
– Неге мен өзім, сен бар емессің бе?
– Егер ер бала болса – Вася, қыз болса – Наташка болсын.
– Васясы несі? Менің Васям бар ғой, біреу – сен. Басқасы керек емес.
Осы уақытқа дейін оны қалай сүйгенімді білмеппін. Ол Тек
қана сол. Соқыр сияқтымын. Ішімдегі баланы ұмытып та кететінмін... Алтыншы айдамын. Балама ештеңке болады деп ойламадым, құрсағымда ғой... Менің оның камерасында қонып жүргенімді дәрігерлер білмейтін еді, медбикелер рұқсат беретін. Басында көндірмекші болып: “Қызым-ау жассыңғой әлі. Бұл адам емес қой. Реакторғой. Сені жандырып бітіреді” дейтін. Мен күшік сияқты олардың артынан қалмай, есіктің артында сағаттап тұратынмын... Өтіндім, жалындым... Болмаған соң олар: “Сайтан алғыр! Сен есіңнен адасқансың” деп, жібереді әйтеуір. Таңертеңгі тоғыздан кешкі тоғызға дейін оның қасында боламын. Оны күніге суретке түсіріп жатты. Бірақ түсіріп жатқандарын менен жасырғысы келді. Тек бір жамылғымен түсіреді, кейде жалаңаш күйде. Мен сол жамылғыны күніге таңертең ауыстырушы едім, кешке дейін әбден қан болады. Жамылғыны ауыстырарда, оны ары-бері қозғалтамын. Денесін  ұстағанда терісі қолыма жабысып қалады. Тырнағымды қанағанша алып тастадым, тек оны жаралап алмайын деп. Медбикелердің ешқайсысы оны ұстамайтын, тіпті жақындамайтын. Бірдеңке болса мені шақыратын. Оны суретке түсіре беретін. Ғылымға дейді. Мен олардың бәрін қуып жіберер едім, әттең, қолымнан келмейді! Кезекші медбикеге:
– Ол өлейін деп жатыр.
– Енді не деп ойлайсың? Ол мың алты жүз рентген алды. Ал адамды өлтіруге төрт жүзі жетеді. Сен реактордың жанында отырсың.
Барлық жері менікі, сүйемін, әрбір түгіне дейін сүйем, менің Васям...


Соңғы есімде қалған нәрселер.... Түн. Жанында орындықта отырмын. Таң атты, сағат сегіз: “Вася, мен барайын. Кішкене демалып алайын” дедім. Көзімен бара бер дегендей белгі берді. Қонақ үйдегі бөлмеге барып, еденге жаттым. Есіктің тоқылдағанынан оянып кеттім. Енді көзімді ашқаным сол еді: “Бар, жүгір! Тоқтаусыз сені іздеп жатыр” деп есіктен кезекші медбике сөйлеп кетті. Кеше Таня: “Таңертең жерлеуге бірге барайық, сенсіз шыдай алмаспын” деп жалынған еді. Сол таңда Таняның күйеуін жерлеп келдік. Қонақ үйге келсіммен кезекші медбикеге қоңырау соқтым.
– Алло, оның жағдайы қалай?
– Он бес минут бұрын көз жұмды.
Мен түнімен оның қасында болдым ғой!! Тек екі-үш сағатқа шығып кеттім. Тұрған жерімде дірілдеп, айқайлай бастадым. Аспанға қарап: “Неге?! Не үшін?!..”. Дауысымды бүкіл қонақ үй естіген болар. Адамдар маған жақындауға қорықты...
Есімді жидым. Оны соңғы рет, соңғы рет көруім керек! Ауруханаға жүгірдім. Камерасына кіріп келсем, жатыр. Алып кетпепті әлі. Соңғы сөздері: “Асель, Асель!”, болды деп,медбике мені тыныштандырғысы келіп жатыр. Содан соң соңғы демін алып, үндемей қалыпты.
Онымен моргке дейін бардым. Қабірі әлі есімде, үлкен полиэтилин пакеттен жасалған. Моргте бір ағай: “
– Оны қандай киімде жерлейтінімізді көргіңіз келмей ме? – деді.
– Әрине!
Оны әдемі әскери киімге киіндіріп қойыпты. Көкірегінде бас киімі тұр – әдемі жасыл фурашка. Аяғы ісіп кеткендіктен, етігін сыйғыза алмай, жанына қойып қойыпты. Қолынан ұстап көтермекші болдым, сүйегі салбырап тұр. Етінен ажырап кеткен. Органдары тамағына келіп тіреліп тұр. Аузынан қан байқалады. Аяғына бірде-бір етік шақ келмеді! Менің көзімше әсем киімде оны целлофан қапшыққа салды да мықтап байлап тастады. Сосын барып, сол қапшықты ағаш қабірге салды. Қабірдің сыртынан тағы бір қабат пленкамен қаптады. Соның барлығын цинктен жасалған басқа үлкендеу қабірге салды...
Барлығы кетіп қалды, оның ата-анасы. Менің әкем мен ағам қасымда қалды. Мәскеуде қара орамал сатып алдым. Кейін арнайы коммисия келіп бізге Васяның қабірін бере алмайтындарын айтты. Тек қана бізге емес, барлық жігіттердің жақындарына солай айтқан екен. Оларды арнайы молаға жерлейді екен. Жігіттердің сүйегін еліне алып кеткісі келгендерді: “Олар – халық қаһармандары. Отбасыға бұйырмайды енді. Жігіттер мемлекеттің адамдары” деп көндіріп жатыр.
Әскери жүк көліктерінің арқасында отырмыз. Оның қабірі көз алдымда. Солдаттар жанымызда қаптап отыр. Полковник рацияны мұқият тыңдап тұр. Екі-үш сағат арнайы молаға қарай жүрдік. Рациядан: “Күтіңдер, біздің бұйрығымызды күтіңдер” деген дауыс шықты. “Кіруге әлі рұқсат бермейміз. Моланың маңында шетелдік журналистер жүр, біраз күтіңдер!”, деп рациядан белгісіз біреу дыбыстады.

Барлығы үнсіз. Мен есеңгіреп айтып отырмын: “Менің күйеуімді неге тығып жатырсыңдар? Сонда ол кім? Қанішер ме? Қылмыскер ме?” Қасымда отырған полковниктің рациясын алып қоймақшымын. Жанымда отырған әкем: “Тыныш, тыныш қызым” деп, бауырына басып, басымнан сыйпап жатыр. Полковник рацияға: “Молаға кіруге рұқсат беріңіз. Әйелі өзін-өзі ұстай алмай жатыр”. Молаға кірдік, көліктен шықтық. Солдаттар көліктен қабірді түсірді. Бізді солдаттар қоршап алды, солай бір ғимаратқа дейін бардық. “Тез, тез!”, деп бір офицер айқайлап жатыр. Апыр-топыр қабірлді ішке алып кетті, біз қалдық. Қабірді құшақтап та үлгермедім. Бізді бір автобусқа мінгізді, солай қонақ үйге алып барды. Қасымыздан бір әскери кісі шықпады. Келесі күні елімізге қайтатын билет алып келді. Еш жаққа шығармады. Жолға тамақ та ала алмадық.
Бізге ешкіммен сөйлеспеуді бұйырды. Мен бір сөйлесе алатындай, мен тіпті жылай да алмадым. Қонақ үйден кетіп бара жатқанымызда, кезекші көрпелерімді, жастық, сүлгі барлығын пакетке салып жатты. Кейіннен өртеп жібірген болар. Қонақ үйге өзіміз төледік, дәл екі апта жатыппын. Екі апта... Екі апта бойы алтыным көз алдымда жатып, өлді...
Үйге келдік. Келе салып ұйықтадым. Үш тәулік ұйықтаппын. Жедел жәрдем шақыртыпты. “Жоқ, өлмеген. Ол тұрады. Бұл сондай қатты ұйқы”, деп айтып кетіпті.


Мен жиырма үш жастамын... Бірде түсімде, қайтыс болған әжем жерленген киімінде келді. Үйдегі шыршаны безендіріп жатыр. Мен:
– Әжетай, неге бізде шырша тұр? Қазір жаз емес пе?
– Солай жасау керек. Жақында сенің Васяң маған келеді.
Вася орманда өскен. Тағы бір түс есімде. Вася аппақ киімде келді, Наташаны шақырып жатыр, біздің қызымызды... Әлі туылмаған қызымызды... Қызымыз өсіп қалған. Аспанға лақтырып ойнап жатыр онымен. Екеуі күліп жатыр. Оларға  қарап мен: “Бақыт – бұл не деген күшті?” деп ойланып тұрмын. Кейін екеуміз көлді жағалай жүрміз. Ұзақ жүрдік. Бәлкім ол ар жақтан мені жыламасын деп сұрап жатқан болар. Белгісі шығар. Ар жақтан – жеті қат аспаннан.
Екі айдан кейін Мәскеуге бардым. Молаға, оны көруге ғана... Молада онымен үнсіз тіл қатқандай болдым. Молада толғағым басталды. Сонда жүрген адамдар жедел жәрдем шақырды. Бір қызығы босанарда көрген дәрігерлердің түрі қатты таныс болды. Мүмкін екі ай бұрын көрген дәрігелер шығар. Ол кезде есімді білмей, түрлерін аңғармағанмын да ғой. Уақытынан екі апта бұрын босандым. Маған көрсетті, қыз. “Наташенка” деп айттым мен. Әкем атын “Наташа” деп қойды. Дене мүшесі сау, әп-әдемі қыз. Оның бауырында “Цирроз” бар екен. Бауырында жиырма сегіз рентген. Жүректің тума талмасы... Алты сағаттан кейін қызым “Өліп қалды” деп айтты...
Дәрігер:
– Қызыңды өзіңе бермейміз.
– Қалай сонда бермейсіңдер?! Мен оны сендерге бермеймін... Сендер оны ғылымға алмақшысыңдар... Жек көрем ғылымдарыңды, сендерді, бәрін!... Оны өзім жерлеймін, оның қасына.
Әбден айқайладым, өзім не айтып жатқанымды да білмеймін. Сандырақтап жатырмын... Естен танып қалдым. Қызымды алмайтын болыпты. Бәлкім аяп кеткен болар... Бір ағаш қорап алып келді. Қарасам ішінде Наташам жатыр. Жаялыққа орап қойыпты. Мен көз жасым сел болып:
– Оны Васямның аяқ жағына жерлеңдер. Айтыңдар бұл – Наташа деп.
Моласына “Наташа Игнатенько” деп жазылды. Оның аты да болмады ғой. Тек жаны ғана. Алты сағаттық өмір... Бір ширек күнге созылған ғұмыр...

Екуіне әрдайым екі орам гүл алып келемін. Біреуін оған, екіншісін қызымның басына қоямын. Сонда көзім мөлтілдеп, тізерлеп жүремін. Мен қызды өлтірген... Мен.. Ол мені құтқарды. Қызым... Барлық радиацияны өзіне алды. Өте кішкентай... Мен екеуін де сүйдім. Бірақ... Қалай ғана мұндай махаббаты өлтіруге болады? Ыстық сезім! Неге екі зат бірге? Махаббат пен өлім... Бірге... Не үшін? Маған мұны түсіндіретін біреу бар ма?!
***
Киевтен маған пәтер берді. Бір шағын ауданда сол атом станциясының адамдары тұрады. Пәтер үлкен, екі бөлмелі. Вася екуміздің армандағанымыздай. Үйдің әр бір жері маған Васяны есіме салады. Үйде жөндеу жұмыстарын бастап кеттім, бастысы бірдеңкемен айналысу. Жата берсем жынды болып кететін шығармын.


... Екі жыл өтті. Оны түсімде көп көремін. Жалаңаяқ жүреді. “Неге жаланаяқ жүресің?” десем: “Сол, менің еш нәрсем жоқ” дейді.
Мен үшін өмірдің мәні қалмады. Әрі қарай өмір сүргім де келмеді. Есімнен адасатын шығармын. Түнде жатқанда, “Васенька, мен бала туамын, жалғыз болуға қорқамын, енді былай шыдай алмаспын” деп рұқсат сұрадым.
Мен жиырма бес жастамын. Жігіт тауып алдым. Оған барлығын айттым. Барлық шындықты... Өмірім бойынша бір-ақ махаббатым бар екенін де айттым. Онымен кездесіп жүрдік. Оны үйіме шақырмайтынмын. Үйімде Вася бар, ол әр бұрышта.
Кондитер болып жұмыс істедім. Торт жасаймын, кейде көз жасым қосылып кетеді тортқа. Мен жыламаймын, жүрегім жылайды. Қыздардан сұрағаным “Тек маған жандарың ашымасын, әйтпесе, кетіп қаламын!”.
Васяның орденін алып келді. Қып-қызыл. Оған көп қарай алмаймын. Көзімнен жас аға береді.

Бала тудым... Есімін Тимур деп қойдым. Құрбыларым “Саған тууға болмайды” деуші еді. Дәрігерлер де солай айтқан. Тіпті оң қолсыз туылады деуші еді. Мен болсам, “Қайтейін, cол қолмен жазатын болады” деймін. Жоқ, сап-сау туылды. Әп- әдемі. Мектепке барады, ылғи бес алып келеді. Барлығын түсінеді, ақылды. “Анашым, әжемдікіне екі күнге кетсем, сен шыдай аласың ба?” дейді маған. Жоқ, болмайды. Онсыз күн көре алмаймын.
Баламмен көшеде кетіп бара жатырмыз. Мен құладым. Бірінші инсультім осылай болды. Сол жерде балам:
– Анашым, су ішесің бе? Мені тастамашы. Кетпеші анашым... Ары қарай есімде жоқ. Көзімді ашсам, ауруханада жатырмын. Қолымды баламның қолынан дәрігерлер әрең дегенде шығарып алыпты. Қатты қысып алыппын. Тимурдың қолы көгеріп қалыпты. Тағы бірде үйден шығып бара жатырмыз. Тимур “Ана, қолымды ұстамай-ақ қой, сенен ешқайда қашып кетпеймін” дейді.


Осылай күн көреміз. Бір-біріміз үшін қатты қорқамыз. Ал, әр бұрышта Васяны көремін. Оның суреттері... Түнде балам ұйықтап жатқанда, онымен, Васямен сөйлесемін. Кейде түсімде “Қане, баламызды көрсетші” дейді. Біз Тимурмен бірге келеміз. Ол болса қызын алып келеді. Әрдайым сонымен бірге, оны ойнатады...
Менің өмірім міне осылай. Бір уақытта екі әлемде өмір сүремін. Қайсы өмірдің жақсы екенін білмеймін да. Біз сияқтыларды “Чернобльдіктер”, деп атайды. Тұрып жатқан жерімдегілердің бәрі дерлік чернобльдіктер. Барлық өмірін сол станцияда өткізгендер. Кейбіреулері әліге дейін сонда вахтамен жұмысқа барып тұрады. Қазір онда ешкім тұрмайды. Көбісі ауру, инвалид, бірақ жұмыстарын тастағысы келмейді. Басқа не істесін байғұстар? Айына бір-екі адам көз жұмады. Кенеттен өледі. Көшеде кетіп бара жатып, шай ішіп отырып, газет оқып отырғанда өледі, немесе ұйықтауға жатқандары кейде тұрмай жатады....
Бірақ менің айтқым келгені менің сүйіктім туралы, мәңгі өлмес махаббатым туралы еді... Махаббатты ей, ғылым, сенің радиацияң да өлтіре алмайды. Мен сені сүйдім ... Менде сенің жүрегің соғып тұр, ол сенсің. Есіңде ме сен маған жүрегіңді ұсынып едің ғой ...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу