Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.05.2021
280
Досыма
Өтеді жылдар, өтеді талай күндерің
Ұмыт боп қалар өмірде талай көргенің
Шіркін -ай, бірақ есіңнен қалай кетеді
Жақындау тартып досым деп мәңгі сүйгенің.
Ерекше тартқан өзіңе мені сен едің,
Адал деп жаның достыққа сол бір сенгенмін
Мұңымды айтып жылаушы едім кей кезде.
Ойнасам тіпті жалғыз сен едің ермегім
Орныңды таптың өмірде өзің іздеген
Сүйгенің мәңгі шықпасын ашық көңілден
Әлемнің барлық бақытын саған тіледім
Қызыққа толсын кетпесін күлкі көзіңнен
Кеттім деп мені ұмытпа жаным, ұмытпа
Көлденең кескен қырсықтан жаным қорықпа
Менде де әлі болады үлкен қызық той
Құттықтап келші ерекше өзің тойымда,
Жетектей ұстап жарыңды сонда қолыңа.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter