Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.05.2021
298
Анашым
Анам менің неткен асыл жан едің
Сен мен үшін күліп атқан таң едің.
Бере алмаспын айырбастап мен сені,
Ұсынса да бар асылын әлемнің.
Жүрегімде сақталасың мәңгілік,
Жүрмін қазір сені қатты сағынып
Енді өзіңнен алыстамын анашым
Қалай жетсем бір көруге шарқұрып.
Көз алдымда көрген талай бейнетің
Сол бір ауыр бейнетіңмен ер жеттім
Қалай жанға батса дағы ауыр зіл
Бірақ менің өмірімді гүлдеттің
Мен ризамын алғысым көп өзіңе
Сені ойласам нұр толғандай көңілге
Бақыттымын, бақыттымын мен қандай
Дәл өзіңдей анашым бар өмірде
Қалай сенің еңбегіңді ақтаймын
Сен қуанбай мен ақ таң боп атпаймын
Қалай алыс кетсем дағы өзіңнен
Сол балалық махабатты сақтаймын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter