Өлеңдер ✍️

  26.05.2021
  294


Жанна Жұмабаева

Бақытты балалық шақ

Ауыл бар «Қызыләскер» аты ерекше,
Баурайын алған орап әсем көкке,
Алыстан көкшіл тартып тау көрінер
«Жалғызтау» жеткендей боп аспан-көкке.

Балалық шағымызда арман болған,
Сол тауға бір жетсек деп ойға шомғам,
Жете алмай амалым жоқ үлкен тауға,
«Ақтөбенің» төрінде ойнақ салғам.

Толтырып тамақ салып дорбамызға,
Ілеміз байлап-матап арқамызға
Табаннан шаң шыққанша жүгіреміз
Жеткенше «Ақтөбенің» шар басына

Ойнаймыз, секіреміз, мәз боламыз
Ештеңеден хабарсыз бейкүнамыз
Балалықтың шуақты сол күнінде
Ойнақтап ойлы-қырға шарқ ұрамыз

Бірінші мамыр күнін сағынамыз,
Жиналатын сол жерден табыламыз,
Арман болған «Жалғызтау» шың басына
Жеткенінше шаршамай асығамыз,

Міне алмай жатсақ та, талпынамыз,
Бірін-бірі өрге сүйреп, тартыламыз
Шар басына алтын төгіп жатқандайын
Мініп, түсіп әйтеуір басыламыз.

Ата-анадан қашып кеткен кіналілер
Тез жетсек деп үйге қарай асығамыз
Айғайын үлкендердің естімеске
Мал айдап, сиыр сауып аптығамыз,

Кешкі клуб Үндінің киносы үшін
Тосектерін салып беріп жалынамыз
Кіру үшін төлейтін 20 тиын
Алу үшін тағы да сарыламыз

Осылайша шіркін ай жаутаң-жаутаң
Ата-ананың бабын тауып қалжыраймыз.

Сол кездер оңды, солды айырмаймыз,
Бәріміз бір туған бауырдаймыз
Біріне-бірі жаман ниеті жоқ
Бір анадан туылған ауылдаймыз

Жоқ болса жоқ демедік, бардай жүрдік
Шынайы бақытты боп ойнап күлдік
Жасанды ештеңе жоқ бәрі адал
Біз нағыз балаға тән өмір көрдік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу